Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт лидерінің жастарға сенімі мол

Ұлт лидерінің жастарға сенімі мол

Елбасының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында жастар саясатының дамуы айрықша серпін алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық тың идеясының басым бөлігі ел жастарына айрықша қолдау көрсетуге бағытталды.
Елбасының болашақты болжай білетін көрегенділігі мен сарабдал саясаты өскелең ұрпақтың келешегіне жарқын жол аша білді. Ширек ғасырдан астам уақыт шеңберінде кез келген алпауыт елмен тығыз қарым-қатынас орнатып, білімді жастардың болашағына зор сеніммен қарады. Қазіргі таңда әлем елдерінде озық үлгідегі білім алған әрбір жас ел игілігі жолында табанды еңбек етуде.
Қашанда жастардың барлық санатын қол­дауға арналған бағдарлама шеңберінде олар­дың қоғам өміріндегі белсенділігін арт­ты­руға күш жұмсалды. Көшбасшы ретінде жастар үшін айрықша жобаның жүзеге асуы­­­на қолдау көрсетті. Бүгінде ел жастары жемісін көрген «Дипломмен-ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту – 2020», «Болашақ халықаралық стипендиясы», «Жас отбасы», «7-20-25» бағдар­ламасы Елбасының тікелей бастамасымен жүзеге асты. Әрбір бағдарламаның игілікті іске асуының арқасында жұмыссыз жастар қатары азайып, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарды.
Бір ғана «Дипломмен-ауылға» бағдарла­масы ауылдың әлеуетін көтеруге ерекше серпін берді. Ал кәсіпкерлік саласында жасындай жарқылдаған жас буын мемлекеттік бағдарлама шапағатын көрді. Белсенді жастың қабілеті қамал бұзардай қайратты болғанда ғана ұлы тұлғалардың ізбасарына айналады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастық жалынымен талантына ерік берген талай жанға мол мүмкіндік алаңын қалыптастырды.
Еліміздің жастары мемлекет тарапынан көрсетілген айрықша қолдаудың нәтижесінде қазақ елін төрткүл дүниеге өз дарыны, білімі, таланты арқылы танытуда. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің жастары қазақтың дарынды көшбасшыларымен санасатын дәрежеге жетті.
Елдің сенімді тұтқасына айналар ұрпақты өшпес ізгі мұратқа жетелей отырып, білім көкжиегін кеңейту – басты мақсат. «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалынды, өршіл намыс­ты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деген Нұсұлтан Әбішұлы қазақ жастарына айрықша сенім артумен келеді. Қашанда рухы биік ұланның ел мүддесі үшін етер еңбегі нәтижелі және жемісті болуы керектігін айқын бағдар етті. Рухы биік, еңсесі тік тұлға болып қалыптасу – білімді жастың асыл мұраты. Елбасы артқан зор үмітті ақтау әр буынның – негізгі міндеті.

Б.ОРДАБЕКОВ

30 қараша 2019 ж. 1 197 0