«Құрбан айт» мерекесі қарсаңында жұқпалы аурулардың алдын-алу

Құрбандыққа шалынатын малдарды сою арнайы орындарда, тиісті ветеринарлық құжаттармен (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) жүзеге асыру; мал сою барысында шыққан қалдықтарды уақтылы залалсыздандырып, шығару; мал сою орындарында, қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау, яғни суық, ыстық сумен жабдықтау, келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, сүрту және (немесе) кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақтау; желдету, ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі; тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ілеспе құжаттамасының болуы; жұмыс басталар алдында персоналды медициналық қарап-тексеру; терінің іріңді аурулары, іріңді кесілген жарақаттар, күйіктер, жаралар, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау; дайын өнім үшін шикі етке арналған кесу тақталарын, пышақтарды, ыдыстарды пайдаланбау; қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы, жеке бас гигиенасын қатаң сақтау; ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда, келесі күні пайдаланбау.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау, халық арасында тамақтан улану және жіті ішек инфекциясы жағдайларының туындауына ықпал етуі мүмкін.
Сырдария аудандық СЭББ-ның
жетекші маманы Ж.Бисенбай