Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ

Егер адам қателікке ұрынса, одан сабақ алып, қайталамауға тырысу керек екендігін ұғынғаны жөн. Сол сәтте жаза басқан әрбір адамның өмірі жаңа арнаға түсіп, тура жолын табатыны мәлім. Олар өткеннің өкінішін ұмытып, жарқын болашақтың ақ парағын ашатын еді.

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық­бұзушылыққа бар­мауы үшін мінез-құлқын түзе­туге бағытталған қызмет түрі мен бақылау, әлеуметтік-құқықтық си­пат­тағы іс-шаралардың Заңмен белгіленген жүйесі. Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудан көлемінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында маңызды іс-шаралар жүзеге асырылады. Яғни дербес бөлім бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған, сонымен қатар пробация қызметінің есебіндегі тұрған азаматтарға көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру жобасын жариялайды. Биыл жобаның жеңімпазы мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры болып танылды. Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекшеліктерге ­ма­ңызды іс-шара­лар қызметін арнайы қор арқылы жүргізілді. Бұл ретте, талапқа сай «Сырдария -Нұрдария» қоғамдық қоры жос­парлы іс-шараларды толықтай ұйым­дастырды.

Мәселен, қор тарапынан «Әз-Наурыз», «ҚР Конституция күні», «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесінде аудандық «Дос­тық» үйінде танымдық іс-шара­лар өткізіліп, есепте тұрған 50 аза­маттың отбасына азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек жасалды. «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры «Мектепке жол» акциясына атсалысып, есепте тұрған 15 азаматтың балаларына өз өтініштеріне сәйкес оқу құралдарын алып берді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған, сонымен қатар пробация қызметінің есебіндегі тұрған азаматтарға жыл көлемінде 3 мәрте психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілді. Жоспарлы түрде жеке қоғамдық қабылдаумен қатар, «Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді. Аталған іс-шараға тәжірибелі заңгер Қалдыгүл Назарова, психолог Нұршат Зама­динқызы, адвокат Ғабит Сақтағанов шақырылды. Сондай-ақ тапсырыс берушінің келісімі бойынша 3 мәрте спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараға белсене қатысқан жандар арнайы диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Айта кетейік, пробация есебінде тұратын азаматтарға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар да жүзеге асты. Тереңөзек кентінің орталығында орналасқан «Парасат» және «Тағзым» алаңына барған азаматтарға тарихи ескерткіштер және «Еңбек даңқы» музейінің экспозициясы таныс­тырылды. Экскурция барысында «Парасат» алаңында орналасқан ауданымыздың қалып­тасуы мен дамуына, республикалық дең­гейде танылуына үлкен үлес қосқан 14 тұлғаның бюсті таныстырылып, музей қорындағы аса құнды және қайталанбас этнографиялық жәдігерлер тарихы тереңнен зерделеніп, айтылды. Халықтық бетбұрысты кезеңдерде көшбасшылық жасаған белгілі тұлғалардың өмір жолы кеңінен насихатталды.

Марат ОМАРОВ,
«Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы, ҚР Журналистер одағының мүшесі

02 желтоқсан 2024 ж. 81 0