Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көркем өнердің төресі

Көркем өнердің төресі

Тереңөзектік Валихан Таңсықбаев ағаш және темір бұйымынан сан түрлі пішіндегі бұйым жасауды кәсібіне айналдырған. Осыдан 30 жыл бұрын №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектепте «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасқан ол өзінің мамандығын шығармашылықпен ұштастыра білген. Біліктілігі жоғары ұстаз күнделікті тұрмыста қолданылатын қасықтан, сусынның құтысынан, ағаштан, темірден керемет туынды жасап шығарады.

Қолы алтын шебер кез келген керемет бұйымды жасауға 1-2 апта уақытын жұмсайды. Кө­біне, сабақ барысында оқу­шыға көр­сетілген теорияны тәжірибе жүзінде үйретеді. Әрине, көздің жа­у­ын алатын, кө­п­­шілікті қызық­ты­ра­тын әр­­бір бұйым­ға не­­месе мү­сін­­ге тұты­ну­шы арасында сұра­­­­­ныс жоғары. Мү­сін жа­сау­дың өзін­дік тех­­­ноло­гия­сы бар. Ағаш­­­­ты көркемдеп күй­діруді пирография деп атаса, мүсіндеу өнері паперкрафт арқылы жасала­ды. Педогог-зерттеуші оқу­шыларға қашанда қос үлгідегі көр­кем өнер жанрын тереңнен мең­гертеді. Қазақы на­қыштағы ою-өрнекпен өр­нектелген аң-құстың бейнесі, кә­де сый, ойын­шық авт­окөліктер, му­зыкалық аспаптар – ұзақ уақыт бойы жасалған еңбектің жемісі.

– Тұрмыста қолданылған заттарды кәдеге жаратып, өзімнің сүйікті ісіммен ай­налысамын. Бүгінде жұртшылық сусынның құты­сын қоқысқа тастап жатады. Ал мен болсам, өз кәсібіме жаратуды жөн көремін. Пирография және паперкрафт өнері асқан ыждағаттылықты қажет етеді. Ұқыптылықпен кез келген туындыны жасау үшін үнемі зерттеу жүргіземіз. Ізденіс арқылы заманауи үлгідегі бұ­йымды құрастырамыз. Шын мәнінде 30 жылдан бері өмірлік кә­сібімнен ажы­раған емеспін. Қашанда ағашты иіп, темірден түйін түйген мен үшін кәсіби шеберлікті арт­тыруға мүмкіндік сый­лайды. Анығын айтқанда, те­лефонға тел­мірген жастар көркем өнерді барынша меңгергені аб­зал. Ата-бабадан келе жатқан ұлық өнерді ұлықтау – сүйікті іспен тұ­рақты айналысуға ұласып жатыр, – дейді білікті ұстаз.

Ұлағатты ұстаздың шәкірттері де орасан зор жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Білім ошағында кәсіби маман атанған педагог-зерттеушінің шә­кірттері – об­лыстық, рес­пуб­ликалық бай­қаулардың же­ңім­пазы. Шебердің ерекше бұйымдарына балабақша ұжым­дары тапсырыс береді.

Негізінен, Валихан Әбілұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда универ­ситетінен «Тех­­­никалық еңбек және кәсіп­керлік» маман­дығы бойынша білім алған. Келер жылы асқаралы алпыс жас­­қа келетін Валихан Әбілұлы білімнің қайнар бұлағын сарқып ішіп, шәкірттеріне тереңнен меңгертуде. Көпбалалы отбасынан шыққан ел ағасы қарапайымдылықты жаны сүйеді. Бекзат болмысты педагог аяулы жары Қалдыгүлмен бірге 4 қыздың ата-анасы атанды.

Ерекше қасиетімен көпке танылған өз ісінің білгірі жөнінде №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектептің директоры Айнұр Әлиева пікір білдірді.

– Шындығында, білім ошақ­тарында ер мұғалімнің көп болуы – маңызды. Себебі, ұлағатты ұстаздар баланы жан-жақты тәр­биелеп, еңбекке баулиды. Бүгінде оқушылар арасында ақылды гаджетке телмірген жастар көп. Өз кезегінде қажыр-қайратының арқасында ұлағатты ұстаз Валихан Әбілұлы жастарды көркем өнерге бау­лып келеді. Тә­жірибесі то­лысқан ұстаздың еңбектері өз тұтынушыларының жоғары бағасына ие. Тектінің ұрпағы, ардақты азамат, білімді педагог, бесаспап шебер қолынан әлі талай туынды шығатынына кәміл сенеміз. Жақында ардақты ұстаз аудандық фестивальге қатысып, мерейін асқақтата алды. Қашанда шығармашылық пен педагогика саласын қатар ұштастырған кәсіби маманның жұмысына сәттілік тілеймін, – деді Айнұр Тоқшылыққызы.

Ер­теректен қалып­тасқан қол­өнерді жетік меңгерген ұстаздың шәкірттері алдағы уақытта биік белестерді бағындыра бермек.


Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
30 қараша 2024 ж. 126 0