Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция отырысында Жолдау насихатталды

Фракция отырысында Жолдау насихатталды

Бүгін Сырдария аудандық мәслихатындағы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Мәжілісті аудандық фракция жетекшісі Еркебұлан Жақып ашып, жүргізді.

Фракция отырысына аудандық мәслихаттағы «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері, филиал қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Жолдауындағы партия тарапынан атқарылатын жұмыстар барысы насихатталды. Партия төрағасы Ерлан Жақанұлының актив отырысында берген тапсырмалары назарға алынып, алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасу болды.

Еркебұлан Төлепбергенұлы фракция мүшелеріне жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Жолдаудағы міндеттердің жүйелі орындалуын бақылауға алуды тапсырды. Алдағы уақытта сайлаушылармен жүздесіп, Жолдаудың мән-маңызын кеңінен насихаттауды қолға алу міндеттелді. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламаның орындалуы, тұрғындардың нақты мәселелерінің шешілуі сияқты өзекті тақырыптарды заңдық тұрғыдан қарастырып, проблемалардың уақытылы шешілу жолдарын ұсынып, жүйелі жұмыс атқаруды пысықтады.

Сонымен қатар, фракция отырысында аудандық мәслихат депутаттары да өз пікірлерін айтып, ортаға салды.
07 қыркүйек 2023 ж. 213 0