Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің студенттері қылмыстық іс бойынша ашық басты сот талқылауына қатысты

Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің студенттері қылмыстық іс бойынша ашық басты сот талқылауына қатысты

Сырдария аудандық сотында есірткі затын заңсыз сақтаған азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық іс қаралды.

Сотталушы Қ. ағаш шеберханасында 1 дана қағазға оралған есірткі заты – кептірілген марихуананы заңсыз сақтағаны анықталған. Кептірілген марихуананың салмағы 0,51грамм құраған.

Сот үкімімен сотталушы Қ. ҚР ҚК-тің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы
тағайындалды.

Сот актісі жарияланып, ол іске қатысушыларға түсіндірілді. Содан соң сот отырысы жабық деп жарияланды. Судья студенттерге есірткімен күресу жалпы әлемдегі барлық адамзаттың көкейтесті мәселесі екенін, одан сақтану, өзін есірткіден аулақ ұстау өскелең жастардың ұстанымы болу керек екенін түсіндірді.

Есірткі қылмыстарының алдын алудың маңыздылығына және заң бұзушылар үшін құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жауаптар алды. Бұл іс-шара жастардың құқықтық хабардарлығын арттыруға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған.

Cырдария аудандық соты
Фото:Н.НҰРЖАУБАЙ
25 қараша 2024 ж. 76 0