Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаларға арналған қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы жобаны іске қосу туралы

Балаларға арналған қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы жобаны іске қосу туралы

Fingramota.kz онлайн-алаяқтықтан қорғау тақырыбына арналған «OYLA» журналының бірінші шығарылымын ұсынады, деп хабарлайды Aptalygy.kz.

Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Fingramota.kz «OYLA» ғылыми-көпшілік журналымен ынтымақтастықты жандандырды.

Балаларға арналған қосымшаның бірінші шығарылымындағы тақырыптардың бірі «Цифрлық гигиена дегеніміз не және ол балаларға не үшін қажет» деген тақырыпқа арналған. Бұл материалда сіздер Интернетте балаларды қандай киберқауіптер күтіп тұрғанын және желідегі қауіпсіздіктің қандай негізгі ережелері бар екенін білесіздер. Бұл ақпарат онлайн-алаяқтардың құрбаны болмау үшін тек балаларға ғана емес, ересектер үшін де маңызды.

Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі түсті иллюстрациялар, коллаждар жас оқырмандарға киберқылмыскерлердің тұзақтарын тануға, өздерін және жақындарын қорғауға көмектеседі.

Қаржылық іс-қимыл мәдениеті жанұядан басталуы керек. Балаңызды интернеттегі алаяқтардан қорғау үшін оның қаржылық сауаттылығын ерте жастан арттыру керек. Ата-аналар мен ұстаздар балалардың Интернетте не істеп жатқанын бақылап қана қоймай, оларға киберқауіпсіздіктің негізгі ережелерін үйретуі керек, Ең жақсысы – өздері үлгі болуы керек, сондай-ақ олармен ашық және шынайы сөйлесуі керек.

Балаларға арналған қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылатынын естеріңізге саламыз.
13 қараша 2024 ж. 64 0