Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Онлайн несие беруге тыйым салуды ұсынды

Онлайн несие беруге тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаттары онлайн несие беруге тыйым салуды ұсынды. Себебі интернет алаяқтары тыйылар емес.

Мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың сөзінше, елі­міз­де кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету ақсап тұр. Әрі отандастарымыздың жеке деректері қалай тарап кеткенін құқық органдары әлі күнге анықтай алмай отыр. Ал алаяқтардың үстінен қозғалған 85 істің 45-і тоқтаған. Күдікті ретінде есепке алынған 218 адам шетелде жүр. Мәжілісмендер алданып қалған азаматтардың саны күн санап артып келе жатқанына алаңдап отыр.

– Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады. Жәбірленушілер алаяқтар рәсімдеген несие қарыздарын жылдар бойы төлеп жүр. Сондықтан электронды онлайн несиелеуге ты­йым салу керек, – деді Мәжілісі депутаты Магеррам Магеррамов.

Негізі онлайн несиені көп алатындар – жастар. Сауалнамада олардың түрлі ойын-сауыққа жұмсауға және басқа да ұсақ-түйек үшін онлайн несие алатыны анықталған. Сондықтан онлайн несиеге ты­йым салу азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мен қаражатты дұрыс жоспарлауына, негізсіз шығындарды азайтуына оң әсер етеді деп күтілуде.

«Тт» ақпарат
Фото: jasqazaq.kz
08 қазан 2024 ж. 164 0