Алматыда балаларға арналған баспа басылымдарын дамыту мәселелері талқыланды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балаларға арналған баспа басылымдарының редакторларымен кездесті. Kazinform бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Алматыда «Шығармашылық зиялы қауым – Қазақстан балаларына» атты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ақын-жазушылар, балаларға арналған баспа басылымдарының бас редакторлары, Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері, республикалық кітапхана директорларының қатысуымен кездесу өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі баспа басылымдар арқылы өскелең ұрпақтың өнер, білім, ғылым мен әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Министр жиында балалар контентін құру кезінде заманауи технологиялар мен креативті идеяларды қолдану қажеттілігіне назар аударды.
Қатысушылар балалар мен балалар әдебиеті индустриясы үшін заманауи қазақстандық журналистиканы дамыту, олардың дамуы үшін баспа басылымдарының рөлін арттыру, креативті контент жасаудың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы, «Жеті әлем» журналының бас редакторы Оразхан Жақып, балалар әдебиеті Кеңесінің төрағасы Ақыш Нұрдәулет пікірлерімен бөлісті.
Кездесу нәтижесінде балалар мен жастарға арналған туындылар жасайтын шығармашылық интеллигенцияны қолдау, креативті индустрия аясында балалар басылымдарына арналған жобаларды ұйымдастыру, Әкелер форумы мен Ата-аналар форумында балалар тақырыбына арналған жеке секция өткізу туралы шешім қабылданды.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі