Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ


Аудан орталығы Тереңөзек кентіндегі «Тағзым» алаңы аумағындағы «Айгөлек» балаларға арналған ойыншықтар дүкені маңынан жаздық ойын алаңы ашылды.
Ойын алаңына түрлі-түсті үрлемелі үйшік, бассейн тағы да басқа ойын құрал-жабдықтары орнатылып, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне, еркін ойнауына барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, ойын алаңы 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған арнайы ойын автокөліктерімен, велосипедтермен, роликтермен, самокаттармен қамтамасыз етілген.
«Бар жақсылық – балаларға» ұранын ұстаным еткен тереңөзектік жеке кәсіпкер Қайрат Сәрсеков өз кәсібін «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында кеңейткен. Алдағы уақытта кәсіпкер басқа да тың идеяларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, жаздық ойын алаңы бүлдіршіндер үшін күнделікті кешкілік сағат 18.00-21:30 аралығында қызмет көрсетеді.
17 тамыз 2018 ж. 1 844 0