Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастың ауыруы неден хабар береді

Бастың ауыруы неден хабар береді


Әр адамда бастың ауыруы әрбір кездері ұшырасып жатады. Бұған аса мән берілмей, дәрілердің көмегімен бұл ауырсынудан құтылып жатамыз. Бас ауырудың да себептері түрлі болуы мүмкін, тіпті ауырған бастың бөлігіне қарай себебін анықтауға әбден болады.
САМАЙДАҒЫ ЖӘНЕ ҚҰЛАҚ АРТЫНДАҒЫ АУЫРСЫНУЛАР
Самайдың ауыруы ең көп кездесетін ауырсынулар. Көбінесе бұл мидағы қан айналымы бұзылысы немесе қан тамырларының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Сондай-ақ, бұл аурудың себебі қан қысымының ауытқуы болуы да мүмкін. Статистикалық мәліметтерге сәйкес көп жұмыс істейтін ер адамдарда осы самайдың ауыруы жиі байқалады екен.
Егер ауру жиілеп кетсе, оны массаж, босаңсу және дәрілердің көмегімен (аспирин, парацетамол, цитрамон) реттеуге болады. Егер мұндай ауырсыну тіптен мазалап жатса, нақты себепті анықтау үшін дәрігер кеңесіне жүгініп, дұрыс ем қабылдағаныңыз абзал.
 
БІР ЖАҚ КӨЗІҢІЗДІҢ ТҰСЫНДАҒЫ АУЫРСЫНУЛАР (КЛАСТЕРЛІ АУЫРСЫНУ)
Аурудың бұл түрі ең жағымсыз болып саналады және көз аймағында (немесе айналасында) сезіледі. Бұл өте сирек кездеседі. Ол түннің ортасында сізді оятуы және әрі қарай ұйықтауға маза бермеуі де мүмкін. Кластерлі ауырсыну белгілі бір кезеңде пайда болады. Ауырғаны ұзаққа да созылмайды, бар болғаны 15-тен 60 минутқа дейін. Мұндай ауырсыну күнде белгілі бір уақытта сізді мазалап, тіпті айға созылуы да мүмкін, одан кейін жоқ болып, жарты жылдан соң қайта мазалауы ықтимал. Бұл ауырсыну түрін «күйдіру» деп атайды, ауырған кездері көз жасаурап, тіпті қызарып кетеді. Кластерлі бұл ауырсынуды оттегі көмегімен емдейді. Бұл үшін әрине дәрігерге көрінген абзал.
 
ТӨБЕНІҢ АУЫРУЫ
Төбенің ауыруы қазіргі заманда жиі кездеседі. Ол қысым беретіндей, және жиі мойын, иық және иықтың жоғары жағында жағымсыз сезімдермен қатарласып жүретіні және бар. Бастың ауыруы құлақта пайда болатын шумен де бірге жүреді. Мұндай аурулардың басты себептері – мойын остеохондрозы, жалпы асқыну және шаршау, қысымның көтерілуі, бас сақинасы. Осы сипаттағы ауырсынудың тағы бір себебі – бас жарақаты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал. Төбеңіз ауырған кезде бөлмені жақсылап желдеткен дұрыс, жатып демалу керек, басыңызға нүктелі массаж шарасын жасауға болады. Басыңыз қатты ауырып тұрса, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек қабылдаған орынды.
 
МОЙЫН МЕН ЖЕЛКЕНІҢ АУЫРУЫ
Мойын мен желке бөлігінде ауырсынулардың болуы мойын бөлігі омыртқасының проблемасы болып есептеледі. Алғашында ауырсыну ұзақ уақыт бойы бір қалыпты отырғаннан пайда болуы мүмкін, кейіннен жиі ауыратынды шығарады, дер кезінде емдемесе болмайды.
Әрине, бұл жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгінуге тура келеді. Мұндай ауруларды емдеу, әдетте, екі кезең арқылы жүзеге асырылады. Алғашында ауырсыну синдромын жоюға тырысу қажет, екіншісінде – мойын омыртқасымен жұмыс істеу қажет. Яғни бұл – массаж, физиотерапия және дене жаттығулары.
 
ЖАҚ СҮЙЕК ЖӘНЕ КӨЗДІҢ ҮСТІҢГІ ЖАҒЫНЫҢ АУЫРУЫ
Көбінесе жақ сүйегінің және көздің үстіңгі жағындағы ауырсынулардың басты себебі гайморит болуы әбден мүмкін (гайморит кезінде алға қарай еңкею сәтінде ауырсыну күшейе түседі). Сондай-ақ гаймориттен бөлек жүйке бұзылысы, вирустық ауру, тістің ауруы да орын алуы мүмкін. Мұндай түрдегі ауырсынулар – ұзақ уақытқа созылтын, сыздап ауыратын ауру түрлері. Және мұндай жағдайда дәрігердің кеңесісіз одан құтылу мүмкін емес.

САМАЙДЫҢ, ТӨБЕНІҢ, БАСТЫҢ АРТҚЫ БӨЛІГІНДЕГІ АУЫРСЫНУЛАР
Самайдағы, төбедегі, бастың артқы бөлігіндегі ауырсынулар көп жағдайда күш түскен мезеттерде пайда болады. Мәселен, оның себебі ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру, жұмыстағы не үйдегі күйзеліс жағдайлары болуы мүмкін. Ауырсынуды жою үшін ауыруды басатын дәрі ішкен дұрыс және демалуға тырысу керек. Демалуды массаж ем-домы арқылы, спортзалда жаттығу жасау арқылы,  теңіз тұзы қосылған ванналарды қабылдау арқылы, достармен жақсы отырыстар жасау арқылы реттеуге болады.
 Бастың бір жақ бөлігі ғана ауырып тұрса, бұл бас сақинасының ұстауы. Ол өз кезегінде жүрек айнумен, құсумен, жарықты нашар қабылдаумен қоса жүреді. Мұндай ауруды емдеу үшін қан тамырларын тарылтатын дәрі-дәрмектер қолданылады. Әрине, тек қана дәрігердің көмегімен жүзеге асырылады. 


http://hochu.ua
05 маусым 2018 ж. 2 373 0