Алғыс айту күніне орай жас жұбайларға неке куәлігі табысталды

Салтанатты шараға ауданымыздың өнегелі отбасыларының бірі, отбасы құрғандарына 35 жыл толып отырған «маржан той» иелері Дәрменов Жұмабек пен Шаймерденқызы Жанаттың отбасы шақырылып, жаңадан отбасы құрып отырған жас жұбайларға неке куәлігін салтанатты неке қию рәсімімен табыстау ұсынылды.Өз кезегінде жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәлігі табысталды. Тағылымы мол шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жас отбасыларға бақытты отбасының құпиясы неде екенінтүсіндіре білу және көпке үлгі маржан той иелері Дәрменовтер отбасының 35 жыл бірге тату-тәтті отбасы болып жүруінің қыр-сыры неде екенін насихаттау. Дәрменовтер отбасына «бақыттың кілті неде?» , «отбасыдағы сыйластықты қалай сақтап қалуға болады?» , деген сияқты сұрақтар қойылды.
– Бақыттың кілті сабырлық сақтауда, төзімді болуда және сыйластықта. Қандай қиын жағдай болса да соңына дейін сабырлық сақтап, төзімді болу. Екі жас бір бірін түсініп, тыңдай біліп және керек кезде қолдау бере білу қажет, – деп жауап берді маржан той иелері.

Өз кезегінде Сырдария аудандық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің басшысы Жұмабек Әшімұлы жаңа туылған сәбидің ата-анасына туу туралы куәлігін табыстап, шараға қатысушыларды "алғыс айту күнімен" құттықтады. Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің ақпан айының үздігі марапатын Манат Зарқұмқызына табыстап, алдағы атқаратын жұмысқа сәттілік тіледі.
Алтынай Қайратқызы