Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мамандық таңдау–маңызды іс

Мамандық таңдау–маңызды іс

Мамандық таңдау – әр адам өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамның бірі. Кез келген адам жүрек қалауымен өз мамандығын дұрыс таңдай білу үшін ең алдымен таңдау үстінде тұрған мамандықты жан-жақты зерттеп, өзінің бойындағы бейімділігі мен қызығушылығын да саралап, ескерген жөн. Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында аудандық өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында іс-шара өтті.

Ауқымды іс-шараға Сырдария аудан­дық ауруханасының терапия бөлімі­нің медбикесі Сәуле Арғынбаева, 20 жылдық еңбек өтілі бар есепші Света Абраева, сала мамандары, ұстаз­дар және БАҚ өкілдері қатысты. Тағылы­мы мол іс-шараны өткізудегі басты мақсат – әртүрлі мамандық иелері­мен кездесу өткізіп, оқушыларға бола­шақ мамандық және оқу бағдарын таңдау­да көмектесу. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүние­танымын кеңейту, көзқарасын дамыту. Мамандықты дұрыс таңдау болашақта маңызды екенін балаларға түсіндіріп, сондай-ақ әртүрлі мамандық иелерінің жұмысын бағалай білу. Кездесу барысында ұйымдастырушылар өнер мек­те­бінің скрипка пәні мұғалімі Роза Арғынбаева мен домбыра пәні мұғалімі Мейрамбек Кенжебаев балаларға ма­ман­дықтың маңызы жөнінде мағлұмат бе­ріп, оның түрлеріне тоқталып өтті.

– Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Дұрыс таңдалған мамандықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай, қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отыра­ды, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беріп, дұрыс бағыт-бағдар көрсету қажетпіз, – деді Роза Арғынбаева.

Іс-шара барысында слайд және видеороликтер көрсетіліп, тақырыпқа байланысты ойындар мен сұрақ-жауап жүргізілді. Кездесуде қонақтар өздері­нің мамандықтары жөнінде, оның қызы­ғы мен қиындығы туралы оқушы­лармен ой бөлісіп, пікір алмасты. Өз мамандықтарын жақсы көріп, еңбек жол­дарын өз салаларында ақтарылып келе жатқан маман иелері балаларға біраз мағлұмат берді. Оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оған жауап ала білді.

Тағылымы мол іс-шара соңында аудан­дық өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Гүлназ Сералиева сөз сөйлеп, қорытындылады.

Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ
01 қазан 2024 ж. 111 0