Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар берілді

Оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар берілді

«Сырдария – Ақпарат 2050» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қалжан ахун ауылдық округіндегі №126 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау мақсатында бағыт-бағдар беру және әр салада еңбек ететін үлгілі мамандардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпақтың санасына сіңіру болып табылды.

Кездесуге құрметті қонақ ретінде Сырдария ауданы әкімі аппаратының Цифрландыру және мемлекеттік қызметттердің мониторингі бөлімінің басшысы Ербол Булебаев, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Жанәлі Бибісара Таңатарқызы, Сырдария ауданы №12 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Ақашов Келдібай Маратұлы, Сырдария аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Қозыбағарова Азиза Әділбекқызы және «Динарос» сән салонының иесі, жеке кәсіпкер Мұхтарова Динара Махмутқызы қатысты.

Іс-шараны «Сырдария – Ақпарат 2050» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы ашып, жүргізіп отырды. Бірлестік төрағасы мамандық таңдау жауапты іс, маңызды қадам екенін айтып, адамның бақытты болуы, ұзақ өмір сүруі, мақсаттарына қол жеткізуі таңдаған мамандығына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар өздері меңгерген мамандықтары жөнінде әңгімеледі. Әр мамандықтың қиындығы мен қызығын айтып, жұмыстағы жетістіктерімен бөлісті. Оқушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты және әр саланың өкіліне ризашылықтарын жеткізіп, алғыс білдірді.

№126 орта мектебінің директоры М.Төлегенов пен орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Жұмаділ кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

25 ақпан 2021 ж. 682 0