Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал!
Көлеңкелі экономика елдің экономикалық дамуын тежеп қана қоймай, одан әрі бәсеңдете түседі. Әр азамат кез келген сатып алуды чекпен бірге жүргізу керек деп үйренген кезде ғана елдегі экономикалық жүйе дамиды. Осыған байланысты Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесе «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» науқанын бастады. Науқан 2024 жылдың 4 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында өтеді.
Акцияға еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Нақтырақ айтқанда, аталған акция барысында Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін арнайы чект «Amian» мобильдік қосымшасында тіркесе болғаны. Акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады.
Бұл акцияны ұйымдастырудың негізгі мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру және көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады. Тағы бір айта кетерлігі, науқан шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер санында шектеу жоқ.
«Amian» мобильдік қосымшасын App Store және Play market платформалары арқылы тегін жүктеуге болады.
Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ
Фото: freepik