«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал !» акциясы жалғасуда

Акцияның басты мақсаты азаматтардың тауарлар алу және қызмет көрсету барысында тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғауын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Акция электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлерінде пайдалануға болады. Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызметтер үшін берілген бақылау - касса машинасының фискальды чектерінің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Бұл дегеніміз –кәсіпкерлердің жұмысын тікелей халықпен байланыстыра отырып, осыған дейінгі салық төлеуді уақытылы қамтамасыз етіп, салықтан жалтарушыларды анықтай отырып, құқық бұзушылықтардың алдын-алу.
Егер фискальды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады. Осыған байланысты, Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 21-3-84 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Өткен жылы ауданымыздың белсенді қатысушылары шаңсорғыш, қысқа толқынды пештер ұтып алған болатын. Ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. Финалдық ұтыс ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізіледі.
Сыйлықтарды, бас жүлде автокөлікті ұтып алуға қатысыңыз! Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты арта түседі. Қайталанып жіберілген чектер ұтысқа қатыспайды.
А.РАМАНКУЛОВА
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы А.РАМАНКУЛОВА