Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Автокөлік ұтқыңыз келе ме?

Автокөлік ұтқыңыз келе ме?

Биылғы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы республикалық акцияның екінші маусымы басталды. Акцияға 3000 000 теңге жедел жүлделері және басты жүлде автокөлік ұтысқа қойылды.
Акцияның мақсаты азаматтық белсен­ділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Осылайша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді. Өткен жылдағыдай, осы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады. Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады. Акция кезінде ұтысқа онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады.
Ақтық сайыс қорытындысы жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.
Барлық аудан тұрғындарын акцияға қатысып, 3 млн теңге мен автокөлікті ұтып алуға шақырамыз!

Сырдария ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
07 қыркүйек 2019 ж. 876 0