БІЛІМДІНІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», - деп атап көрсеткен болатын. Оқу процесінде білім мен тәрбие егіз ұғым. Ауданда өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін 17 мектеп жұмыс жасайды. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасына сай олардың арасында апаттық жағдайда немесе үш аусымда жұмыс жасап жатқан мектеп жоқ. 2017-2018 оқу жылында аудан мектептерінде 1099 педагог-кадр жұмыс жасайды. Аталған ұстаздар қауымының 1037-і жоғары білімді, 62-і арнаулы орта білімді маман. Осы педагог-кадрдың 107-і жоғарғы санатты, 490-ы бірінші санатты, 328-і екінші санатты мұғалім.
Елбасының биылғы Жолдауында: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек», – деп атап өткен болатын. Бұл орайда аудандағы №35, №36, №37, №42 мектеп-лицей облыстағы инновациялық мектептер қатарына еніп, жаңартылған білім беру мазмұнымен жұмыс жүргізуде. 12 жылдық білім беру жүйесіне ену мақсатында ауданның 899 мұғалімі біліктілік арттыру курстарынан өткізілді. Барлық оқушы оқулықтармен толық жабдықталды. 2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алады. Инновациялық мектептердің сыныптарында әр сыныпта 4 сағат және 1500 сағат қосымша сағат және қосымша факультатив сабақ жүргізілген.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында «Үштілділік – заман талабы» атты семинар өткізіліп, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты.“All around English” тақырыбында аудандық ағылшын апталығы ұйымдастырылды.Облыстық оқу орталығында InterPress , Oxford University Press баспасының қолдауымен халықаралық лектор Lyn Mallory «Использование современных методов обучения и новейших обучающих ресурсов в преподавании английского языка» тақырыбында тренинг өткізіліп, оған ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысқан.
Қазақстандықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет − «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру. Оның іргетасы мектепте қалануы тиіс. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар оқыту процесінің тәрбиелік мәні күшейтілуде. Оқытылатын пәндер оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталуда. 2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту жөніндегі жол картасын орындау мақсатында «Жаңа дәуірдің–жаңа технологиялары» тақырыбында №131 орта мектеп базасында информатика бағдарламашыларға арналған семинар өткізілді. «Қ.Игенбаев атындағы облыстық олимипиадада №42 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы А. Шайзатова ІІІ орын, №210 орта мектептің 8 сынып оқушысы Г. Қайратқызы ІІІ орын иеленсе, С. Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы бойынша облыстық олимпиадада №129 орта мектептің 10 сынып оқушысы К. Исатай І орын иеленді
№131 орта мектептің бітірушісі З. Жарболова «Ясауитану» пәндік олимпиадасынан А.Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің грантын жеңіп алса, №36 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Ж. Әлтаев қытайдың Ян Ченк мемлекеттік институтының «Өнеркәсіптік технология» бөлімінің грантына ие болды.
2018 жылы компьютерлер бірлігі аудан бойынша 1008-ді құрап, 1 компьютерге 7 оқушыдан келді. «Интернет-мектепте» бағдарламасы аясында барлық мектептер интернетке қосылып, 15 мектеп кең жолақты интернет желісін пайдаланады. Ғаламдық интернет желісіне ауданның білім беру мекемелері 100 пайыз қосылған.
2017-2018 оқу жылынан бастап жалпы білім беру ұйымдарындағы жаратылыстану бағыты бойынша 8 (№135, 35, 36,37, 132, 129,№130, 174) информатика пәнінің мұғалімдері үшін үш тілді оқу бағдарламасына сәйкес, біліктілік арттыру курстарынан өтуде. Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында аудан бойынша барлығы 13 информатика пәнінің мұғалімі біліктілігін арттырса, Роботехника курсы бойынша 22 информатика пәні мұғалімдері біліктілік арттыру курсынан өткен.
2017 жылы аудандағы №35,36 инновациялық білім беру ұйымдарына және оқушылар үйіне «Робототехника» кабинеттері (7 557,0 мың теңге) және жаңа үлгідегі «Физика» кабинеттері (9 840,0 мың теңге) 4 инновациялық мектеп-лицейлеріне жалпы құны 17157,0 мың теңгеге алынып жабдықталған.
«Bilimland» ресурстарына аудандағы барлық 17 мектеп қосылған. Оның 17-і де онлайн. Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның 4000-нан аса мектептерінде, оның ішінде біздің ауданда 10 мектепте «Kүнделік» электрондық мектеп журналдарының жүйесі 2016-2017 оқу жылынан бастап енгізілген. 2018 жылдың мамыр айынан бастап 7 мектеп қосылған.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында «Үштілділік – заман талабы» атты семинар өткізіліп, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында латын әліпбиіне көшуге байланысты «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты мектеп мұғалімдері және ардагер-ұстаздармен кездесу, білім бөлімінің қызметкерлері арасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Латын графикасын пайдалану ерекшелігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілген, барлық мектептерде латын әліпбиіне көшуге байланысты мектепішілік жұмысшы тобы құрылып, мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасы барлық мұғалімдерге таныстырылған. «Жаңартылған білім беру аясында 5,7 сыныптарды жаратылыстану бағытындағы пәндерді инновациялық оқыту жолдары», «География есептерін шығару жолдары мен әдіс-тәсілдері» «Ізденіс. Тәжірибе. Шешім» тақырыптарында химия, биология, география, математика, информатика, физика пәні мұғалімдері арасында аудандық, облыстық семинарлар өткізілген. «Жаһан жаңалықтары» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында , «Үздік информатика пәні мұғалімі - 2018» информатика пәні мұғалімдері байқаулары өткізілген.
Бүгінгі таңда ауданда 1 санаторлы, 16 мемлекеттік, 4 жеке балабақшалар, 6 толық күнді шағын орталықтар жұмыс атқаруда. Мектепке дейінгі мекемелерде 79 топта 1945 бала қамтылған. Қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Мемлекеттік, әлеуметтік, жекеменшік серіктестікті дамытудың нәтижесінде 4 жекеменшік балабақша 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндермен 100 пайыз толық қамтылып отыр.
Аудан мектептерінде жасөспірімдердің азаматтық, патриоттық, адамгершілік т.б қасиеттерін дамыту, яғни тәрбиенің барлық бағытын қамти отырып, құқық бұзушылықтың, уытқұмарлықтың, шылым құмарлық сияқты зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында тәрбие берудің тұжырымдамасына сәйкес біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Қазақтың маңдай алды ақыны Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, hәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны», – деп атап көрсеткен екен. Сол айтқандай аудан мектептерінде білім мен тәрбие қатар өріліп, жас ұрпақ оны бойына мейлінше сіңірсе, біздің келешегіміздің кемел болмағы хақ.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ