Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені үшін әкімшілік жазаға тартылды

Аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені үшін әкімшілік жазаға тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Ж.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. 08.10.2025 жылы сағат 17:00 минут шамасында Сырдария ауданы С.Сефуллин  ауылының  батысжағынан  бір  шақырымжерде ішкі істер органдарына тіркелмеген тегіс ұңғылы қос ауызды 16-калибрлі «ТОЗ модель БМ» маркалы, аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.


Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген құжаттармен, сараптама қортындысымен дәлелденіп бекітілді.
Сот қаулысымен Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып,  «ТОЗ модель БМ» маркалы, қос ауызды мылтығын мемлекет пайдасына тәркілей отырып, оған 55048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай

21 қараша 2025 ж. 190 0