Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда қоғамдағы белең алып отырған індет. Осы тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмыстары үздіксіз жүргі­зілуде және әрдайым жетіл­дірілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Қалжан ахун ауылында да ұйымдастырылуда. Елді мекенде жемқорлықты болдырмау мен алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалпы қоғам індетімен күресу механизімнің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Кез келген мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы әртүрлі. Мәселен сол елдің саяси тұрақтылығына ғана байланысты емес, сонымен қатар салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне де байланысты болып келеді.

Айта кетейік, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Респуб­ликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілген болатын. Стратегияның басты мақсаты – еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту. Сондай-ақ маңызды құжатта сыбайластықты жоюға барлық қоғамды тарту, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөнінде айтылған.

Сыбайлас жемқорлық мемле­кеттің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық эконо­миканың құрылу процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институтарына кері әсерін тигізеді. Елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу.


Осы орайда, Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппаратында жыл басында іс-шара жоспары кесте түрінде бекітілді. Жоспарға сәйкес жемқорлықты азайту, болдырмау мақсатында мекеме қызметкерлері арасында және ұжымда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау туралы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда. Ұжым қызметінің негізгі идеясы – жастармен, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру екені белгілі. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды жетілдіру, жастар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу үшін көптеген игі істер атқарылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар нәти­жесінде теріс көзқарастағы ауыл тұрғыны немесе мекеме қызметкері анықталған жоқ.
Орын алған сыбайлас жем­қорлықтың кез-келген фактісі тө­тенше жағдай ретінде қаралатын болады. Ұжым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң­нама талаптарын сақтауы үшін барлық қажетті шаралар мен профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіле береді.

Ғ.АКБАРОВ
Қалжан ахун ауылдық округі әкімі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
07 қыркүйек 2024 ж. 271 0