Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек» деп атап өтті. Сондықтан қоғам дерті болған сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейді.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мем­лекеттік саясатының негізгі басым­дылықтарының бірі осы қоғам дертімен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

Әрбір қоғам дамуының күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүреді. Елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсарып, экономикалық даму деңгейі өсті. Осы ретте алға басқан қадамды кейін тартып, дамуы­мызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – күн тәртібіндегі мәселе.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Респуб­лика­сының Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бос­­тандықтарын қорғау, сыбайлас жем­қорлық көріністерінен туын­дайтын қауіп-қатерден ұлттық қа­уіп­­сіздікті қамтамасыз ету, жем­қор­лыққа байланысты құқық бұзу­­шы­лық­тың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Осы заңмен, мем­лекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адам­дар­дың лауазымдық өкілеттігін, мүм­­кін­діктерін пайдалану сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Жемқорлықпен күрес барысында оны туғызатын әлеуметтік-эконо­микалық жағдайларды барынша азай­ту қажет. Сыбайластыққа қарсы әре­кет етудің оның көріністерімен күрес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай күрес қа­шан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты.


Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік органдар қамтамасыз ету қажет. Сондықтан сыбайлас жем­қорлықпен күресу – барлық қоғам үшін ортақ міндет.

Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
17 тамыз 2024 ж. 118 0