Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жақында «Оңалту және паллиативтік көмек» ауруханасы тұрғындарға есігін айқара ашады

Жақында «Оңалту және паллиативтік көмек» ауруханасы тұрғындарға есігін айқара ашады

Жақында «Оңалту және паллиативтік көмек» ауруханасы ашылады деп жоспарлануда. Бүгінде аурухананы толықтай жаңғырту жұмысы жүзеге асырылуда.

Бүгін Сырдария ауданына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков пен басқарма басшысының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Ерділда Нұртазаұлы арнайы іс-сапармен келіп, аурухананың жөндеу жұмысын аралап көрді. Бұл ретте, аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов пен Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов аурухананың жөндеу жұмыстарына байланысты басқарма басшысына бірқатар мәлімет берді.

Расында, «Оңалту және паллиативтік көмек» ауруханасын ашу арқылы облыс көлемінде көптеген науқастың уақытылы ем алуына барынша жағдай жасалады. Басқарма басшысы Олжас Ермекұлы барлық күрделі жөндеу сапалы жасалуын өз бақылауына алып келеді. Медициналық қызметтің аймақ тұрғындарына сапалы көрсетілуі – маңызды. Сондықтан межелі іс-шаралар өз уақытысында аяқталғаны абзал.
05 қыркүйек 2024 ж. 551 0