Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайырымдылық акцияға өз үлесін қосты

Қайырымдылық акцияға өз үлесін қосты

«Мектепке жол» республикалық  қайырымдылық  акциясы еліміздің барлық өңірінде өтуде. 1 тамыздан бастау алған науқанға ауданымыздың жомарт жүректі азаматтары да өз үлестерін қосуда. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші қайырымдылық акциясына «Мансұр» спорт-шығармашылық орталығының директоры Нұрбол Дайрабаев та атсалысты.

Науқан барысында 200 балаға мек­теп­ке қажетті сөмке таратылды. Мектеп сөмкесі орталықтың жас спорт­шылары мен бірқатар мектеп оқушыларына тапсырылды. Жақсылық жасау­ға жаны құмар «Мансұр» спорт-шығармашылық орталығының қызмет­керлері әр оқушыға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, спорт үйір­мелеріне қатысуға шақырды. Алғы­сын айтқан ата-ана мен қуанған балалар орталық директорына өз ризашылығын білдір­ді.

– «Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды» дегендей, бүлдіршіндердің мектепте жақсы білім алуына өз септігімізді тигізу үшін игі баста­маға атсалысып отырмыз. Баланың қуанышына, күлкісіне ештеңе жетпей­ді. Дана халқымыз «Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көресің» деп бекер айтпаса керек-ті. Ата-аналар  мен балалардың айтқан алғысына біз де ризамыз. Алдағы уақытта да мұндай игі істі үрдіске айналдырамыз деген жоспар бар. Сонымен қатар акцияға атсалысқан өз ұжымдастарыма алғы­сым­ды білдіремін, – дейді орталық директоры Нұрбол Дайрабаев.

Соңғы 15 жылдан бері ұйымдас­тыры­лып келе жатқан «Мектепке жол» акциясының негізгі мақсаты – жаңа оқу жылында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған жеткіншектерге, сонымен қатар көп­балалы отбасыларға әлеуметтік жағ­­­дайына қарай көмек көрсету. Бұл акция жыл сайын ауданы­мызда қарқынды түрде жолға қойылған. Қайы­­рымдылық акциясы 30 қыр­күйек­ке дейін жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, «Мансұр» спорт-шы­ғар­­­­­­машылық орталығында спорт­тық секциялармен қатар шығар­машы­лық үйірмелер жұмыс жасайды. Спорт пен шығармашылықты қатар дамытып келе жатқан орталық бүгінде аудан абыройын асқақтатып, көптеген жетістіктерге жетуде.

Таңшолпан ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫ
30 тамыз 2024 ж. 368 0