Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » БАЛАЛАР ҚУАНҒАН КҮН

БАЛАЛАР ҚУАНҒАН КҮН

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің» демекші, қазақ халқының ізгі қасиет­терінің бірі қайырымдылық жасау екені анық. Жақында ауданға қарасты Айдарлы ауылындағы №139 орта мектепте республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияға ауыл тұрғындары мен 1978-1998 жылғы туылған мектеп түлектері белсене қатысты.
Ізгілікті шарада мектеп директоры Г.Жақсы­лыққызы сөз алып, жыл сайын ұйым­дастырылатын акцияның маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу құралы мен киім-кешек табысталды. Туған жер топырағынан түлеп ұшқан ауыл жастарының қайырымдылық ісіне мектеп ұжымы мен ата-аналар ризашылық білдірді. Балалар мектеп құралдары салынған сөмкелерді иықтарына асып, көтеріңкі көңіл күймен тарқады.
2001 жылы басталған бұл акция биыл он бірінші рет өткізіліп отыр. «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» ұранымен өтетін шара 1 тамыз бен 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ә.Абдраманов,
№139 орта мектебінің
Әлеуметтік педагогы
27 тамыз 2019 ж. 811 0