Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық акциясы жалғасуда

Қайырымдылық акциясы жалғасуда

Жаңа оқу жылына дайындық барысында «Мектепке жол» акциясы қарқынды өткізілуде. Жақында аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен акция өткен еді.

Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын пы­­сық­­тауға арналған іс-ша­ра­ға «Аманат» пар­тия­сы ау­дандық филиалының хат­­­­шысы Е.Жа­қып, аудан­­дық мәс­лихат депута­ты, «Тіршілік тынысы» га­зе­­ті­­­нің бас редакторы А.Ибрагимұлы, аудандық бі­лім бөлімі басшысының мін­де­тін атқарушы Л.Мығым­баева, аудандық кәсіподақ коми­теті­нің төрағасы А.Есна­зар қатысты. Іс-шара барысында аудан бойынша білім са­ласы қызметкерлерінің бала­­­­­­лары 80-ге жуық оқу құ­рал-жабдықтарымен қам­та­масыз етілген еді.

«Мектепке жол» акция­сы аз қамтылған отба­сылардан шыққан оқушыларға, ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп­балалы отбасыларға әлеуметтік жағ­дайына қарай көмек көрсетуді мақсат етеді. Осы орайда игілікті іске аудандағы дене шынықтыру пәні мұғалімдері де өз үлестерін қосты.

Нақтырақ айтқанда, республикалық акция аясында Ә.Жәмішев атындағы №129 мектеп-лицей базасында стритболл спорт түрінен аудандық жарыс өтті. Республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қам­тылған және көпбалалы отбасынан шыққан мектеп оқушыларына мектепке қажетті құ­рал-жабдықпен көмек көрсетуді мақсат еткен сайыс білім қызметкерлері арасында саламатты өмір салтына насихаттады.
– «Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көрерсің» дейді халық даналығы. Игі істі жақсы жобамен ұштастыру мақсатында аудан мұғалімдері арасында спорттық сайыс ұйымдастырдық. Тартысты додаға ауданға қарасты он екі мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ он екі оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдыққа толтырылған сөмке табысталды, – дейді са­йыс ұйымдастырушысы Сұлтан Үсенов.

Айта кетейік, стритболл жарыс қоры­тындысы бойынша жүлделі І орынды №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей командасы, ІІ орынды №132 Т.Айтбаев атындағы мектеп командасы, ІІІ орынды №44 орта мектеп командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушы командалар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары мен диплом, арнайы кубогімен марапатталды.

«Тт» ақпарат
20 тамыз 2024 ж. 200 0