Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов, комиссия мүшелері және тиісті сала басшылары қатысты. Отырысты партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов ашып, жүргізді. Күн тәртібінде төмендегі 2 мәселе қаралды:

1. Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы

2. Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі С.Нұрмағамбетовтың сайлаушыларға берген уәделерінің орындалу барысы туралы

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, хабарламашылар баяндама жасады. Комиссия мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, хабарламашылар жауап берді. Отырыс қорытындысымен қаулы қабылданды.
31 шілде 2024 ж. 129 0