Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алматы мен Түркістанды тамсандырған әжелер

Алматы мен Түркістанды тамсандырған әжелер

Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблінің құрылғанына биыл 15 жыл толады. Осы уақыт аралығында мәдениет пен руханияттың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген әжелер әсем әуенмен дәстүрлі ән өнерін жандандырып келеді.

Бұған дейін де түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарған ансамбль жақында Алматы қаласына арнайы барып, «Кел, шырқайық» теле­визиялық байқауына қа­тыс­ты. Өнерге жақын түрлі сала мамандарының басын қосатын ауқымды жобада біздің әжелер Сыр елінің нағыз өнер кеніші екенін тағы бір дәлелдеп, жүлделі бірінші орынды қанжығаға байлап қайтты. Нақтырақ айтатын болсақ, аталған бағдарлама – КТК арнасының төл жобасы. Онда елдің түкпір-түкпірінен келген түрлі ұжымдар бақ сынайды. Телебағдарламаны белгілі әртіс Қайрат Әділгерей жүргізсе, қатысушылардың өнерін жұлдызды қазылар алқасымен бірге көрермен анықтайды. Аталған жобаға республикадағы «Үлгілі ауыл» әжелері қатысып, қарсы­лас­тарынан оқ бойы озық шықты.

Байқау үш бөлімнен тұрады. Алғашқы кезеңде қа­ты­­су­шылар ұлттық дәс­түрден көрініс көрсетуі керек. Бұл кезеңде «Ақ әжелер» тұсау кесер салтын көпшілік назарына ұсынған. Алғашқы кезең­де-ақ көрерменнің ыс­тық ықыласына бөленген ұжым екінші кезеңде халық әні «Ахау керімді» орындап, жұлдызды қазылар алқасының назарын аударған. Ал үшінші кезең қызықты сұрақ-жауапқа негізделген. Бұл бөлімде де көрегенділік көрсетіп, әр сұраққа ұтымды жауап беріп, сырлы сұхбат құрған ақ жаулықты әжелер Сыр елінің атын республикалық деңгейде тағы бір әуелетіп, жүлделі бірінші орын, алғыс хат пен арнайы кубок және бағалы сыйлықтарды еншілеген.

– Қарсыластарымыз кітап­ханашылар және жастардан құрылған топ болды. «Кел, шырқайық» жастарға үлгі боларлық әрі өте көңілді жоба. Студияға аяқ басқаннан-ақ мамыражай ауылдың кешіне тап болғандай күй кешесің. Сахнаның безендірілуі де ерекше. Қазылар алқасының құрамында белгілі әншілер Нұрлан Абдуллин, Мұхтар Ханзада, әртіс Ілияс Көпжасаров болды. Байқауда біздің әжелер өздерін еркін сезініп, жоба жеңімпазы атандық. Жобаның ерекшелігі де сол – қарапайым ауыл адамдары өнер байқауында бақ сынайды. Ал жұлдызды қазылар алқасының құрамында белгілі әншілер болды. Тәжірибесі толыққан, өнері өрге жүзген «Ақ әжелер» ансамблі ауылды, ауданның атын шығарды. Алматы қаласында өткен байқауға қатысуымызға де­меу­шілік жасаған Абзал Ера­лиев ағамызға алғыс білдір­гіміз келеді, – дейді ансамбль жетекшісі Жанат Шайзадаева.

Бір бұл емес, әжелер ансамблі түрлі деңгейдегі бай­қау­ларда белсенділік танытады. Алматы төріндегі өнер байқауының ізін шала өнерлі әжелер Түркістан қаласында өткен «Шуақты шақ» ІІ республикалық ата-әжелер ансамблі және жеке орындаудағы ән бай­қауына қатысты. Аталған ән байқауында «Гүлденген кеңшарым» әнін нақышына келтіріп орындап, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Айта кетейік, республикалық бай­­­қау­да қазылар алқасы мен көрерменнің көңілінен шыққан әннің сөзі мен әнін «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі әрі мүшесі Жанат Шайзадаева жазған.

– Нағи Ілиясов ауылының «Ақ әжелер» ансамблі 2009 жылы құрылды. Ансамбль мү­шелері ұстаз, дәрігер, есеп­ші жұмысшылардан құ­­рылған. Құ­рамында 12 мүшесі бар ақ жаулықты әже­леріміздің бар­лығы өнер десе ішкен асын жерге қоя­тын өнерпаз жандар. «Ақ әжелер» ансамблінің әр­бір мүшесі әжелер ан­сам­блінің қалыптасуына зор ең­бегін сіңіріп келеді. Түрлі деңгейдегі байқауларда аудан намысын қорғап жүр­ген ансамбілдің репертуарын­да халық әндері мен Ш.Қалдаяқов, К.Дүйсекеев, Б.Байқадамов, Н.Тілендиев т.б. қа­зақ композиторларының әндері бар, – дейді Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің директоры Нұрбол Тұранов.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
30 шілде 2024 ж. 370 0