Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әуелеген ән арқауы – Ақболтай

Әуелеген ән арқауы – Ақболтай

Аудан ардагерлері өнерге, спортқа бейім. Әр ауылда әжелер ансамбілі бар. Биыл ақиық Асқар ауылындағы «Асыл ана» әжелер ансамбілінің құрылғанына – 5 жыл толды. Өнерлі әжелер шаруашылықтың тұрақты қамқорлығында.
Ауыл мәдениетіне жаңа леп алып келген әжелер ансамбілі ауылдық клубтың жас іскер басшысы Әсел Ибраеваның ұйымдастыруымен бұдан 5 жыл бұрын құрылды. Ансамбль жетекшілігіне өнерлі отбасынан шыққан ауылдың белсенді әжесі Злиха Сыздықова сайланды. Ансамбль құрамы 11 адамнан тұрады. Репертуары бай. Халық әндері, патриоттық әндер, Шәмші әндерімен кеңінен қамтылған. Сондай-ақ ауыл әжелері туған жерге, ауылға арнап, ән айтуға ерекше ықыласты. Жергілікті ақын, сазгер Мұңайтпас Жүнісовтың «Туған жерім – Ақболтай» әні ансамбльдің гимні іспетті. Бұл әнді әжелер қарияның көзі тірісінде ансамбльге арнап жаздырды.
Біздің ауыл Ақболтай жағасында,
Сұлу Сыр мен Қараөзек арасында.
 Ой Жайлауым.
Осы жерде туылған Асқар ақын, Иісі қазақ көтерген дара шыңға Ақболтайым, – деп ерекше пафоспен басталатын патриоттық ән тыңдарманның шымырлап бойына тарайды. Қайта-қайта тыңдай бергің келеді. Бұл әсем ән алғашқы рет «Өнер тұнған – туған өлкем» атты аудандық байқауда орындалып, көпшілік көңілінен шықты
«Асыл ана» әжелер ансамбілі «Туған жерім – Ақболтай» әнін 2016 жылы халықаралық «Бейбітшілік әлемі» атты аудандық өнер фестивалінде орындап, бас жүлдені жеңіп алды.
Ауылдағы барлық игі шаралардың демеушісі, өнерлі әжелерді, жалпы ауылдағы барлық ақ жаулықты аналарды үлгі тұтатын, құрметтейтін, іскер басшы Меңдіғали Есжанов ансамбльге тұрақты қамқорлық танытып отырады. Сахнаға киетін ұлттық киімдерін алып берді. Ансамбльдің 5 жылдығына орай әрбір өнерпазға ұялы телефон және орамал сыйға тартты. Атаулы күнге сәйкес, ауыл қарттарына дастархан жайды. Өнерді қолдау бар жерде, оның өрістейтіні анық.
«Ұлттың ұлттық сипатын ашатын нәрсе – өнері мен мәдениет» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай «Асыл ана» ансамбілінің мүшелері өз өнерлерімен ұлттың ұлттық сипатын аша отырып, ауылының жақсы атын шығаруға үлестерін қосып, өнердің өрісін кеңейтіп келеді.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
25 қаңтар 2020 ж. 754 0