Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда соққан тұзды дауыл Өзбекстанға жетті

Аралда соққан тұзды дауыл Өзбекстанға жетті


Тұзды дауыл Өзбекстанның батыс бөлігіне, яғни Қарақалпақстан мен Хорезмге жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзгидрометтің хабарлауынша, демалыс күні Нүкіс қаласында ауа райы күрт суытқан. Ауа температурасы +40 градустан +20 градусқа дейін төмендеп, аздаған жаңбыр жауған. Сондай-ақ, жел ұйытқып, Арал жағалауындағы шаң мен тұзды дауыл Қарақалпақстан мен Хорезмге жеткен.
Нүкіс қаласы тұрғындарының айтуынша, қаланы толығымен тұзды шаң басқан. Қолайсыз ауа райы салдарынан қала тұрғындарының тыныс алуы нашарлап, шаңнан қорғану мақсатында кейбіреулер медициналық маска тағып жүр.
«Бүгін Нүкісте тұзды дауыл соқты. Қатты жел салдарынан көтерілген шаң мен тұз қала мен ауылдарға жетті. Зиянды шаң адамның көзін ашытады және үйдің ішіне дейін кіріп кетті», - дейді қала тұрғыны Азамат Маткаримов.
baq.kz
28 мамыр 2018 ж. 2 188 0