Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ГРУЗИЯДА ҚЫЗЫЛ ҚАР ЖАУДЫ

ГРУЗИЯДА ҚЫЗЫЛ ҚАР ЖАУДЫ


Грузияның Аджария таулы аймағын қызыл қар басып қалды, деп жазады БЕЛТА. 
Табиғаттың бұл тосын құбылысы Солтүстік Африк мен Таяу Шығыс елдерінде болған шаңды дауыл салдарынан болған.
Эколог мамандардың айтуынша, Жерорта теңізінен соққан жел Грузияға дейін жеткен. Мұндай сипаттағы жауын-шашын тек Грузияда ғана емес Ресейдің Краснодар өлкесінде байқалған. 
Ұсақ шаңдар қармен бірге ғана түспеген, сондай-ақ Грузияның кейбір жерлерінде сары құм аралас жауын да жауған. 
Синоптиктер қызыл қар және шаң аралас жауын-шашын адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіпті емес екендігін айтады.
25 наурыз 2018 ж. 1 145 0