Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстанда қолайсыз ауа райы тағы бірнеше күнге созылады

Қазақстанда қолайсыз ауа райы тағы бірнеше күнге созылады


Қазақстанда қолайсыз ауа райы тағы бірнеше күнге жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, 25 мамыр күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен еседі. Жұма күні Ақмола облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с айналасында болады, найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Астанада да оқта-текте найзағай жарқылдауы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. 24 мамыр күні күндіз Маңғыстау облысының кей аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін.    
24 мамыр 2018 ж. 2 562 0