Биологиялық белсенді қоспалар туралы

ББҚ мамандандырылған азық-түлік өнімдеріне жатады және дәрілік зат болып табылмайды. Азық-түлік өнімі ретінде ББҚ Еуразиялық экономикалық одақтың «Тамақ өнімдерінің таңбалауға қатысты» (ЕАЭО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздіктің гигиеналық талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің 24 бабы және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдесіндегі № 301 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңының 9 бабы талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында тағамға биологиялық белсенді қоспалар мемлекеттік тіркелуге жатады. Осыған байланысты, барлық ББҚ-ларды әкелу және өткізу Еуразиялық экономикалық одақтың мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген мемлекеттік тіркеу куәлігі болған кезде жүзеге асырылуы керек.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото:интернет