Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биологиялық белсенді қоспалар

Биологиялық белсенді қоспалар

Биологиялық белсенді қоспалар (әрі қарай ББҚ) – тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи тектес қоспалар. ББҚ дәрілік заттарға ұқсас дайын нысанда шығарылады: олар капсулалар, таблеткалар, тұнбалар, ұнтақтар және т.б болуы мүмкін. Бірақ олар дәрілік құрал болып табылмайды, олар ағзаға жетіспейтін дәрумендер мен миниралдың орнын толықтыру үшін қолданылады, сондықтан оған аса үміт артып, барлық емнен жазыламын деп үміт арту қате түсінік.

Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау кезінде мынандай ақпараттар: сауда атауы, құрамы туралы, негізгі ұсынымдар, қолдану тәсілі мен дозасы, жанама әсерлері, қолдану тәсілі көрнекі және түсінікті болуы, өндірушінің атауы, мекен жайы және Қазақстан Республикасында наразылықтарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның аты, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні міндетті түрде қамтылу қажет. Барлық тағамдық қоспалар Қазақстанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. ББҚ тіркелмеген болса, оларды пайдалануға тыйым салынады. Пайдалы ББҚ-ны зиянды жалған қоспалардан айыру үшін әрбір тұтынушы сатып алар кезде мемлкеттік тіркеу туралы куәлігін сұрау керек. Егерде қоспаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы дәләлді куәлігі болса, ол қоспа денсаулыққа зиян тигізбейді.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ҚР 07.07.2020 жылғы №360-IV ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың айналымын бақылауды қамтамасыз ету және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жайттардың алдын-алу мақсатында, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ ББҚ өнімдерін сатпауды, жарнамаламауды ұсынады.

Сырдария аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден
12 қыркүйек 2023 ж. 469 0