Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтарға медицина саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Азаматтарға медицина саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Ляззат Айтымбетова партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.  Kyzylorda-news.kz

Қабылдауға келушілер дәрі-дәрмектер бағасы мен арнайы медициналық аппараттарды дәріханалардан сатып алу заңдылықтары бойынша кеңес сұрап, саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Департамент басшысы  өз кезегінде мәселелер бойынша заңнама аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР ДСМ 2021 жылы 5 тамыздагы Nº ҚР ДСМ - 75 бұйрығына сәйкес, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналган дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілгені, тізбеде көрсетілген жағдай мен диагноз бойынша қант мөлшерін бақылауға арналған арнайы аппарат тегін берілетіні бойынша түсіндірме берілді. 

ҚР ДСМ Медициналык және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауна шекті бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратыны айтылды.

Дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек жене көтерме саудада өткізуі үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР ДСМ міндетін атқарушысының 2021 жылы 27 тамыздағы №º ҚР ДСМ-94 бұйрығымен 5 мыңға жуық дәрілік заттарға бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін шекті баға бекітілген. Сонымен катар, барлық дәрілік заттарға шекті бағалармен «DARI.KZ» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы танысуға болады. 

Денсаулық сақтау ұйымдарымен дәрілік затарды өткізу бағасы бекітілген шекті бағадан асқан жағдайда Департаментке (Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27) жазбаша түрде немесе «DARI.KZ» мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға және туындаған сұрақтар бойынша Департаменттін 23-40-35 байланыс нөміріне хабарласуына болатыны түсіндірілді.
06 қараша 2025 ж. 238 0