Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу
Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу жұмыстары, ол – тұтынатын азық-түліктер мен тауарларды техникалық талаптарына сәйкес келуін қадағалау. Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу ҚР ДСМ СЭБ Комитеттің жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі. Яғни өнімдерді қай айда қандай өнімді алу және өнімдерді өндіруші елдерді жоспар кестеге енгізеді. Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде іріктеп алынған өнімдер ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімшесіне жолданады.
Тауарға қойылатын негізгі талаптардың бірі – қауіпсіздік. Азық-түліктер мен тауарларға зерттеу жүргізгенде микробиологиялық, санитарлық -химиялық және өнімнің таңбалануында сәйкессіздіктер анықталады. Микробиологиялық сәйкессіздік, бұл әртүрлі микроорганизмдермен ластанған, адам өміріне қауіпті өнім. Санитарлық – химиялық көрсеткіш бойынша, белгілі бір химиялық заттардың анықталуы немесе рұқсат етілген концентрациядан артық болуы. Үшіншіден өнімдердің құрамының, сыртында таңбалануының дұрыс болмауы. Белгінің тауарда болмауы оның тексерістен толық өтпегендігінен және оның қауіпті екендігінен хабар береді.
Жалпы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында сәйкессіздіктер өнімнің таңбалануына байланысты орын алады. Сондықтан таңбалану бойынша тұтынушы нені білуі керек?
Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын негізгі талаптар: тамақ өнімдерінің атауы; тамақ өнімдеріне қатысты құрамы, тамақ өнімдерінің мөлшері, тамақ өнімдерінің жасалған күні, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер; дайындаушының сауда белгісі; тамақ өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер; тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі); Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс. Тамақ өнімдерін таңбалау орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларында тиісті талаптар болған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде жазылуға тиіс.
Сырдария аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы