Қазақстанда несие беру нормасы өзгереді
Енді қаржы ұйымдары бірінші берген несие өтінімі қаралмайынша жаңа несие бере алмайды. Бұл норма "кредит шопингімен" күресуге бағытталған. Яғни, адам бірнеше минуттың ішінде әр түрлі банк пен микроқаржы ұйымдарынан ондаған несие рәсімдей алатын жағдайлардың алдын алу үшін қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Мәжілісте "Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып жатыр.
Қазақстанда бір адамның қысқа уақыт ішінде бірнеше несие ресімдеуін шектейтін жаңа тетік енгізілген.
Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза көтерді. Оның айтуынша, көп адам кредиттік бюродағы ақпарат жаңарғанша бірнеше несиені қатар алып үлгереді.
"База бір сағатқа дейін кешігіп жаңарады. Бұл уақыт адамға 10 несие рәсімдеуге жеткілікті. Сондықтан кредиттік бюроға ақпаратты жіберу жылдамдығын арттыруды ұсынамыз", - деді депутат.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл мәселе заң деңгейінде шешілген.
"Біз кредиттік бюроларға клиенттің өтінімі мақұлданған ба, жоқ па көрсету талабын енгіздік. Бірінші өтінім мақұлданбайынша, басқа ұйымдар жаңа несие беруге құқылы емес", - деді ол.
Әбілқасымова айтуынша, бұрын мұндай талап болмаған, сондықтан банктер клиенттің басқа жерде несие рәсімдеп жатқанын көре алмаған.
Фото:depositphotos.com










