Өнімдердің таңбалануы туралы не білу керек?
Күнделікті өмірде өзіміз тұтынып жүрген азық-түлік, басқа да тауарлардың түріне, жалпы сипатына көпшілігіміздің мән бермейтініміз анық. Бұл дұрыс емес. Сондықтан, өзіңіз күнде дүкеннің сөресінен қолға алған затыңыздың сыртқы қорабына, жарамдылық мерзімі, шыққан жері, құрамындағы компоненттерін және басқа да өзіңізге қажетті ақпараттың барлығын саралап барып алғаныңыз жөн.
Таңбалаудың негізгі міндеті тауар туралы негізгі мәліметтерді тұтынушыларға жеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру болып табылады. Тұтынушы таңбалау арқылы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алады. Осы мәліметтердің барлығы Кеден Одағының Техникалық регламенттерінің 022/2022 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігінің» талаптарында көрсетілген.
Тамақ өнімдерінің таңбалауында өнімнің атауы және оны өндіруші, дайындаушының сауда белгісі, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, импорттаушы ұйымның атауы мен орналасқан жері, құрамы, саны, дайындалған күні, тамақ өнімдерін сақтау шарттары болуы тиіс. Бұдан басқа, құнарлығы, ақуыз, майлар және көмірсулардың мөлшері, жарамдылық мерзімі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі «ЕАС» көрсетілуі керек.
Қажетті ақпараттар міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс. Бұл азық-түлікті таңбалаудың маңызды міндеттері. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін таңбалануы түсінікті, оқуға оңай, сенімді және тұтынушыларды адастырмауы қажет.
Өзіміздің денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білу ұшін, жоғарыда айтылған тамақ өнімдерін таңбалануына қойылатын негізгі талаптарға аса мән беруіміз қажет. Егерде сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Бұндай ақпарат сіздің денсаулық жағдайыңызға тікелей байланысты болады. Осы ақпараттың бәрімен таныса отырып, сіз бірінші кезекте көзге түскен тауарды емес, сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңғызға сенімді боласыз, сапалы және денсаулыққа зияны жоқ тағамдарды таңдайсыз.
Сапалы азық-денсаулық кепілі екенін ұмытпайық.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден