Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ардагерге құрмет көрсетті

Ардагерге құрмет көрсетті

Аудандық мәдениет үйінде өткізілген іс-шараға денсаулығына байланысты қатыса алмаған ардагер журналист Мұхтар Сақтаповты редакция ұжымы кәсіби мерекесімен қарашаңырағына барып құттықтап, құрмет көрсетті. Аудандық газеттің бас редакторы А.Ибрагимұлы ақынға аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, ыстық ықыласын білдірді.

Құрмет көрсету іс-шарасына бас редактордың орынбасары А.Мұхан­бетқали, шығармашылық топ өкілдері Б.Жанәлі мен Б.Ордабеков қатысты.
– Газеттің мерейтойы жыл басынан бері жақсы аталып өтіліп, көп іс-шара ұйымдастырылды. Биыл кәсіби мерекеміз аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Ардагерлерге және редакция қызметкерлеріне аудан басшысы құрмет көрсетті. Берік Әбдіғаппарұлы «Сыр қаламгерлері сәт сайын ақпарат таратумен қатар, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір қызметін атқаруда. Тарих еншісінде қалған 85 жылдық белесте аудандық газетте көптеген қарымды қаламгерлер жемісті жұмыс істеді» деп атап өтті. Сіздің де ерен еңбегіңіз, қажырлы қызметіңіз редакция тарихында алтын әріппен жазулы. Мерекеңіз құтты болсын, – деді А.Ибрагимұлы.

Өз кезегінде ақын М.Сақтапов әріптестеріне алғысын айтып, ақ батасын берді.

"Тт" ақпарат

02 шілде 2024 ж. 327 0