Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламгерлер құрмет төрінде

Қаламгерлер құрмет төрінде

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясы ардагерлері мен ұжым қызмет­кер­лерін арнайы қабылдады. Сондай-ақ Қазақстанның құрметті журналисі Мұхтар Сақтаповты арнайы барып мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік іс-шарада аудан басшысы сала қызметкерлерін кәсіби ме­рекемен құттықтады.

– Алаш ардақтысы, көрнекті ағар­тушы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің бо­лашағы да мықты» деген болатын. Сондықтан баспасөз – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті талап ететін сала. Аудандағы жалғыз басылым «Тіршілік тынысы» газеті редакциясында қажырлы қызмет еткен Мұхтар Сақтапов, Сергей Тоқ­санбаев, Асқар Кіребаев, Мүсілім Қал­мұратұлы, Сәуле Ерімбетова жә­не басқа да қарымды қаламгерлер, елге белгілі аға буын өкілдері әркез құрмет төрінде. Сонымен бірге өз ісі­нің маманы болып өсіп келе жатқан жас журналистердің де еңбектері елеулі. Аудан көлемінде болып жат­қан қоғамдық-саяси іс-шаралар мен игілікті істер үнемі газет бетінде жа­­рық көруде. Ауданның тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқарып жүр және олар қашанда құрметке лайық. Сондықтан Сіздерге айтар алғысымыз шексіз, – деген аудан басшысы сала ардагерлері мен қызметкерлеріне «Құттықтау» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Кел­дібаев та әріптестерін мерекемен құттықтады. Қызмет жолында ау­дандық газетте корректорлық жұмыс атқарған ол бұрынғы кезең­дегі газет жұмысының ауыртпалығын атап көрсетті. Ол шақта жергілікті газет аптасына 3 рет халыққа тарайтын болған. Ал газеттің жарық­қа шығуы қазіргідей заманауи техно­логияның арқасында емес, әріптер қорғасынмен басылып, бір газетті шы­ғарудың машақаты көп болыпты. Міне, осыларды айтқан Мұса Ал­пыс­байұлы газет ұжымына шығар­ма­шылық табыс тіледі.

Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты Ж.Ем­бергенов құттықтау ле­бізін біл­діріп, сала ардагері ар­дақты анасы К.Жұмабаева ре­дак­цияда қызмет еткенін, сол се­бепті де ұжыммен әркез тығыз бай­ла­ныста болып келе жатқанын тіл­­ге тиек етті.Сондай-ақ мерекелік қабылдауда сала ардагерлері М.Қалмұратұлы, Ш.Нұрсейітов, С.Сұлтанқызы да әріп­­тестерін мерейлі мерекемен құт­тық­тап, ұсыныстарын жеткізді.

Іс-шара қорытындысында аудан­дық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы А.Ибрагимұлы арнайы қа­былдаған аудан басшылығына алғыс білдірді.

Ақын, сала ардагері М.Сақтапов та арнайы құттықтаған аудан басшысына алғысын жеткізді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
01 шілде 2023 ж. 123 0