Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамның дамуына тежеу

Қоғамның дамуына тежеу

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін қауіпті індет екені белгілі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесіне айналып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтыны мәлім. Сыбайлас-жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық әлеуетін арттыру мақсатында көпшілікке түсіндіру жұмысын жүргізудің маңызы зор.

Бұл ретте,  кеше Амангелді ауылдық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында  сала мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілген болатын.  Жиын барысында қызметкерлерге түсіндірме жұмысы жасалды. Негізінен, іс-шараның мақсаты – жемқорлық деген ұғымның пайда болу элементері жайлы түсінік қалыптастыру, ұжым мүшелерінің өз көзқарастарын білдіруге жол ашу, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту болып табылады. Жалпы өз еліне, негізігі сала бойынша қызмет етіп отырған мамандар қызметке  жауапкершілікпен қарау және әділдікті ту ету – патриоттық тәрбие қалыптастырады.

Осы салаға жауапты Мемлекеттік мекеме ел арасындағы дипломатия аясында сыбайлас жемқорлықпен күресетіні мәлім. Оның ішінде, мықты халықаралық стандарттарды әзірлейді және олардың орындалуын қолдайды. Сонымен бірге мемлекеттік институттар мен халықаралық желілерді құру және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктерді жауапкершілікке тарту үшін визалық шектеулер мен санкцияларды қолдану аясы бар. Жалпы, қоғам дертімен күресте барлық жағдайларды саралап, тың тәжірибелерге сүйену керектігін айта кеткен жөн. Осы орайда сала мамандары өздері қызмет етіп отырған мәдениет саласында сыбайлас-жемқорлыққа төзбеушілік қағидат ұстану керектігін тілге тиек етті. Қашанда ар алдында жауап беретін адамның ойында қылмысқа бару болмауы тиіс.
11 желтоқсан 2022 ж. 202 0