Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарты ғасырдан кейінгі жарқын жүздесу

Жарты ғасырдан кейінгі жарқын жүздесу

Білімнің қарашаңырағы – №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің бір ғасырдан астам тарихы бар. Ғылым мен білімнің және тәрбие мен тағылымның киелі ордасына айналған мектептен қаншама түлек түлеп ұшты. Бұл ретте, 1964-1974 жылдары сол кездегі М.Калинин атындағы орта мектепте білім алған түлектер 50 жылдан кейін туған жер төрінде бас қосты.

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу барысында 10 «а», 10 «б» және «10 в» сыныбынан үлкен өмірге қанат қаққан жандар бір-бірімен сағына қауышты. Ең алдымен, олар білім нәрін берген, бүгінде өмірден өткен ұстаздары мен достарын еске алып, аудандық мұсылмандар мешітінде олардың рухына Құран бағыштады. Негізінен, ұлағатты ұстаздар Сақыбек Алданазаров, Аққайыр Қоржынбаев, Бибажар Боранқұлова, Қасымхан Смайлов, Мырқайдар Мамбетов, Алтынай Ешпанова, Айткүл Жұқабаева, Нағима Қаражанова әрбір түлекке бағыт-бағдар беріп, жеке дара тұлға болу үшін тәрбиелей білген. Ал тай құлындай тебісіп, бірге ойнаған достардың арасында Мұрат Айтмағанбетұлы, Нұрлыбек Раппазадаұлы, Слам Оспан­ұлы, Жаңыл Жанқожақызы, Күлпан Әбдікерімқызы, Бақыт Мұханбетжанов, Серікбол Нұрахатов, Марат Алшынбаев, Бақытжан Жарықбаев, Гүлжамал Жорабекова, Сәрсенкүл Аймаханова, Мейрамбек Дүржанов, Дайрабай Абдраймов, Марат Дүйсенов, Бердібек Ерназаров, Мырзан Жолдыбаев, Төкен Қитуғанов, Тәуірбай Дәуренов, Құралай Әбдіханова, Мейрамбек Дүржанов, Бекболат Бегатов келместің кемесіне мініп кете барды.

Жалпы, түлектердің жүздесу кеші екі күнге жоспар­ланған. Алғашқы күні өзге өңірлерде тұратын тереңөзектік түлектер туған жерге атбасын бұрды. 50 жылда емен-жарқын жүздескен олар орталық алаңдағы «Алтын сағат» пен «Майжарма» су арнасының бойында естелік суретке түсті. Түлектер дастарқан басында бас қосып, өткен-кеткенді еске алды.

Бұл ретте, Шаһарбек Нұрсейіт, Мұрат Дүйсенов, Асылбек Сақыбеков, Кеңескүл Башарова, Қалампыр Сартаева, Серіккүл Жұмабаева, Мейрамкүл Серікбаева, Мәрия Сейпулова, Күләш Әбіхалықова, Үкітай Бейсенова, Роза Арысбаева, Сәрсенкүл Арғынбаева, Болат Дүзімбетов, Махмұт Нұртазаев, Нұрлан Күдебаев, Марат Әлиев, Гүлшара Қаражанова, Гүлдары Бөртова, Бибайша Орынбаева, Манат Мұсаева, Бүйсенкүл Жаппарбергенова, Манат Сариева, Несібелі Әлкенова, Қатира Байтұрғанова, Гүлзина Тұрмақаева секілді тағыда басқа түлектер 10 «а» сыныбынан түлеп ұшты.

– Біз осы кенттегі №35 М.Калинин атындағы орта мектептің 10 «а» сыныбының 1974 жылғы түлектеріміз. Қазір алтын ұямыз Мемлекет қайраткері Иса Тоқтыбаевтың атымен аталады. 10 сыныпты 9 ұл, 26 қыз, барлығы 35 түлек бітіргенбіз. Сынып жетекшіміз белгілі ақын Балашбек Шағыров еді. Салтанатты кешке сыныптан 6 ұл, 12 қыз, «келіндер мен күйеу балалар» барлығы 30-дан астам адам қатысты. Кешіміз керемет өтті. Әсем ән шырқалды, тал шыбықтай би болды. Достарымыз әлі ширақ екен, Алла қуат берсін. Жастық кезімізді армансыз еске алдық. Мен осы кеште қатысушылардың барлығына достық әзіл мен арнау өлеңдерімді оқыдым, – дейді Шаһарбек Нұрсейітов.

Шын мәнінде, 10 «б» сыныбында Роза Бекмағанбетова, Абылай Сексенбаев, Серіккүл Есеналиева, Қалыбек Қобландин, Гүлсім Маханбетова, Гаухар Ембергенова, Сталбек Тобағұлов, Жанат Әблазиева, Серік Тұрсынбаев, Рахима Пірназарова, Жұмакүл Мұңсейітова, Манат Жақсылықова, Баян Өмірзақова, Үсен Жүсіпов, Мәдина Ахметова, Болат Сейілов, Марат Әбдіраймов, Ұлбике Тұрмаханова, Сұлтан Бекпенбетов, Бақыт Мәтібаев, Айнаш Салхадинова оқыған болатын.

– Біз 3 сыныптың түлектері 50 жылдан кейін туған жер топырағында жүздесіп отырмыз. Бірнеше жылдан бері өмірдің ауанымен арамыз үзіліп қалған сыныптас­тарды көріп, ерекше көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Өкініш­тісі, арамыздан қадірлі достарымыз ерте кеткеніне қынжыламыз. Негізінен, 3 сыныпта 70-ге жуық бала бітірген едік. Ал қос сыныптан 50-ге жуық түлек мерейлі сәтімізге ортақтасуда. Сыныбымыздан белсенді, білімді дарынды жандар көп шыққанымен мақтанамыз. Ұл-қыздарымыз бір-бір отбасының иесі атанып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде. Ардақты азамат, Қалыбек Қоблан­дин Қазақстан Ре­спубликасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған, Серік Тұрсынбаев «Казмуно» ангио және рентгендік-эндо­вас­куляр­лық хирур­гия профессоры, Рыс­­бай Тұрабаев Шым­­­­кент қаласын­да ауыл әкімі қызметін ат­­қар­са, өзге қалалар мен облыс көлемінде есімі көпшілік­ке белгілі бір­неше жеке кәсіпкер мен өз ісінің майталманын мақтанышпен айта аламыз, – дейді мемлекеттік сала­да қажырлы еңбек еткен аза­мат, Тереңөзек кенті арда­герлер кеңе­сі­нің төрағасы Сталбек Тобағұлов.

Сонымен қатар «10 в» сыны­бында оқыған Рысбай Тұра­баев, Несібелі Керейтбаева, Қанат Әбдуов, Қалдыгүл Наурызбаева, Бекарыс Садықов, Құралай Тәңкібаева, Ажаркүл Бержанова, Құрманкүл Байжанова, Әмина Бердалиева, Нағима Аталықова, Роза Есбергенова, Феруза Қыдырбаева, Айболған Алдоңғарова, Айымкүл Омарова, Хадиша Балғазиева, Айымкүл Ахметова сырлас достарға айнал­ған.

Басқосудың екінші күнінде мәртебелі меймандар мен достар Тереңөзек кентін­дегі көпбалалы және өнегелі отбасы Ибрагим Сейілов пен Жанат Сүлейменованың шаңырығында қонақ болды. Мұнда бұрынғы кез­дегі құнды естен кетпес сәттер айтылып, жастық шақтың керемет кезеңі көңілді жадырата түсті.

– Елге сәлем беріп келгеннен кейін сыныптасымыз Жанат үйіне шақырып құрмет көрсетті. Әрине, 50 жыл бұрынғы Тереңөзек тым бөлек өзгеріс­ке енген. Бала кезімізден сабақтан қайтып, «Май­жарма» жағасында асыр салып ойнайтынымыз есімізге түсіп жатыр. Өмір ағымымен сынып­тастарымыз сан салада қызмет етіп, абырой биігінен көрінді. Әрқайсысының өмір жолы әртүрлі. Сыныбымыздан көпбалалы ана, ұстаз, білікті маман, мем­­лекеттік қызметкер шыққанына дән ризамыз. «Жақсы сөз – жан семіртеді» демекші, бұйырса, 60 жылдықта бас қосамыз деп ойлаймыз, – деді Абылай Сексенбаев.

Шындығында, балалық кезеңнен осы уақытқа дейін­гі аралықта бір-бірімен сыйластығын жоймаған достар шат-шадыман көңіл-күйде тарқасты.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
18 маусым 2024 ж. 334 0