Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақтаулы маман

Мақтаулы маман

Ұстаз – ұлағаты мол ұлы есім. Мұғалімнің берген тәрбиесі әрбір оқушының өміріне жол сілтер шамшырақ екені анық. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп бекер айтылмаса керек-ті. Мамандығына кәсіп ретінде қарамайтын, ұстаздық ұлы жолда талай шәкірттің бағын ашқан жанның бірі Ләззат Бектоғаева ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Отыз алты жыл білім саласында қызмет етіп келе жатқан аяулы ұстаз – Бесарық ауылының тумасы. Бала кезінен ұстаз болуды армандаған бойжеткен мектепті бітірген соң арман қуып Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтына оқу­ға түседі. Оқуды тәмамдаған соң алғашқы еңбек жолын №129 Ә.Жәмішов атындағы мектеп-лицейден бастайды. Әрқашан ізденіс үстінде жүретін білікті маман қазіргі уақытта мектеп директорының тәрбие ісі жөнін­дегі орынбасары, тарих-география пәнінің мұғалімі.

– Ләззат Оңғарқызының мектепке сіңірген еңбегі орасан. Білім берумен қатар, мектепішілік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйым­дастырылуына ұстаздарды, оқушыларды біліктілігімен, ше­бер­­лігімен тарта біледі. Бала оқытудағы қарым-қабілетін жо­ғары бағалаймын. Ұстаз болу – үлкен мәртебе. Аудан, облыс көлемінде оқушыға берген сапалы білімі мен тәрбиесі арқылы өз есімін танытып келеді, – дейді мектеп-лицей директоры Жанболат Назаров.

Саналы ғұмырын ұлы қызмет жолына арнап келе жатқан майтал­ман маманның білім саласында, шәкірт тәрбиелеуде ең­бегі елеусіз қалған емес. Мара­пат­тарының ішінде об­лыс­тық білім басқармасының «Құрмет грамотасының» шоқ­тығы биік. Жаңашылдыққа жаны құмар, шығармашыл ұстаздың оқушы­лары да облыстық, рес­публикалық деңгейдегі бай­қауларды бағындырып, ауыл мектебі­нің абыройын үстем етіп жүр. Сонымен қатар «Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселе­лері» атты халықаралық ғылыми-практикалық кон­ферен­цияға, «Білім беру жүйесінің инновация­лық бағыт­тары мен даму перспективалары» атты ғылыми жинақ­қа ұсынылып, мақаласы жарияланды. Білім биігін бағындырған ұлағатты ұстаз алдағы уақытта да жақсы жетістік­терге жететініне сеніміміз мол. Тәжіри­белі ұстаздың атқарған қыз­меті, жасаған жұмысы жас ұстаз­дарға үлгі.

Білім ошағында білікті маман тәжірибелі мұғалім болса, отбасында үлкеннің өнегесін көрген аяулы жар, асыл ана. Осыдан 36 жыл бұрын шіркейлілік Қадырбек Абытовпен отау құрған мақтаулы маман 2 қыз, 1 ұлдың анасы. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлгілі отбасында жеті немере өсіп келеді.

Мұғалім – мектептің жүрегі. Білім бәсекесінде білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаз ұлағаты ардақталатын болады.

Таңшолпан ШАНЖАРХАНОВА
08 маусым 2024 ж. 144 0