Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі

Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі

Апта ағымында Сырдария аудандық  сотында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға төраға Р.Алдамбергенов, судья Д.Ералиев, әкімші басшысы Н.Әбдікәрім, Сырдария ауданы прокуроры Н.Нұрғалиев, аудандық полиция бөлімінің тергеу ісі жөніндегі орынбасары Н.Беркінбаев, жергілікті полиция бөлімі басшысы Қ.Көшекбаев, адвокат Қ.Жаппасбаева мен Ғ.Сақтағановтың қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов судьялар, сот мәжілісінің хатшылары және сот қызметкерлері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді  сотқа келіп түскен уақыттан бастап Қ.Р Конституциясының 7-бабының және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 13-бабының талаптарын қатаң сақтауы тиістігін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар және мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайтынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын биліктің бірден-бір құрылымы  болса, мемлекеттік тілді дамыту мемлекет саясаттарының бірі. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметкердің ұлтымыздың қазынасы мемлекеттік тілді білуі міндет. Тілдің қолданысын тиісті деңгейіне көтеру біздің парызымыз. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болғандықтан мәртебесі жоғары болуы тиіс», – деді  сот төрағасы Р.Алдамбергенов.

Қазақтың айтулы ақындарының бірі Қадір Мырзалиев: «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» демекші, әр халық өзінің ана тілін жоғары құрметтеп, оны шамасы келгенше дамытып, қолдану аясын кеңейтіп отыруы тиіс. Елімізде барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы жағдай жасалып, қолдау көрсету жақсы жолға қойылған. Алайда, бұл мемлекеттік тіл басқа тілдің көлеңкесінде қалуға болады деген сөз емес.

 Дөңгелек үстелге қатысушылар өткізілген іс шара бойынша пікірлерін білдіріп, осы бағытта шараларды жиі өткізіп отыру жөніндегі ниеттерін жеткізді.
 
              
 Сырдария аудандық соты
04 маусым 2024 ж. 141 0