Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Сырдария аудандық сотында карантиндік талаптарды сақтай отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық сот төрағасы Руслан Алдамбергенов және сот қызметкерлері қатысты.

Іс шараны төраға Р.Алдамбергенов ашып, сот ұжымын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Тәуелсіздіктің басты нышандары мен мемлекеттік идеологияның негізі - халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған еркіндігін білдіретін мемлекеттік рәміздер деді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды.

Өйткені,онда қазақ халқының бастан өткен тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді.

Шараны қорытындылаған сот төрағасы шараның мақсаты - мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіріп, оны насихаттау деді.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
04 маусым 2021 ж. 1 144 0