Сотқа дейінгі хаттама – дауды сотқа дейін шешудің тиімді жолы
Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен «Дауды сотқа дейін және соттан тыс, оның ішінде сотқа дейінгі хаттамамен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Т.Алдамбергенов, судья Д.Е.Ералиев, Билер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, кәсіби емес медиатор С.Еламанов, адвокаттар Қ.Жаппасбаева, Ғ.Сақтағанов, нотариустар Ф.Оспанова, Қ.Назарова, «Қазақстан Халық Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, Сырдария басқарма басшысы А.Палымбетов және «КМФ» микроқаржылық ұйымы ЖШС-нің бөлім басшысы М.Капаев қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Р.Т.Алдамбергенов баяндама жасап, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 20.12.2021 жылғы №84-VII Заңымен сотқа дейінгі хаттама бөлігінде енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне «Сотқа дейінгі хаттама» ұғымы енгізіліп, тараптарға дауларды татуласу рәсімдері арқылы шешу мүмкіндігін ұлғайтқанын тілге тиек етті.
«Осыған орай, татуластырушы судья мен сот отырысы хатшысының татуласу рәсімдері мен сотқа дейінгі хаттама бойынша процестік әрекеттері әдістемелік ұсынымда нақтыланды.
АПК-нің 150-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі хаттама осы Кодекстің 73-бабының 1 және 2 бөліктеріне сәйкес жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, сотқа дейінгі хаттаманы тараптар медиаторға немесе адвокаттарға жүгіну арқылы да жасауына болады.

Алдымен, татуластырушы судьяның қарауына тек қана талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюлар бөлініп беріледі. Сондай-ақ, бұйрықтық, ерекше, ерекше талап қою тәртібімен іс жүргізу санаттарындағы талап қоюларды қоспағанда, барлық талап қоюлар татуластырушы судьяға бөлінеді.
Әуелі, татуластырушы судья соттың қарауына жатпайтын талап қоюларды уақытында қайтарып немесе қабылдаудан бас тартуға міндетті.
Бұл әрекеттер АПК-нің 151, 152-бабымен реттеліп, судья 5 жұмыс күні ішінде процестік шешім қабылдауы тиіс.»-деді Р.Алдамбергенов.
Сонымен қатар баяндамашы сотқа дейінгі хаттама бүгінгі күні дауларды шешуде өзінің оң әсерін тигізіп отырғандығын, сотқа дейінгі хаттама арқылы тараптардың татуласуына мейлінше мүмкіндік беруге болатынын ескертіп, оның 3 жүйе арқылы жүзеге асатынын, яғни кеңсе маманы түскен талап қоюды татуластырушы судьяға бөледі, судья тараптарға талап қою түскен күннен бастап келесі күннен кешіктірмей хабарлама жібереді және оларға ұсыныстарын жазу үшін сотқа дейінгі хаттама ұсынатынын айтып өтті.
Іс шара соңында қатысушылар тақырып аясында талқылау жасап, өзара пікір алмасты.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі