Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қоғамдық орынды ластаған азамат жауапқа тартылды

Қызылордада қоғамдық орынды ластаған азамат жауапқа тартылды

Қызылордада бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық орынды ластау дерегі анықталды. Полициямен жедел түрде тиісті шаралар қабылданды. Құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Темекі тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластаған 27 жастағы қала тұрғыны Бексеитов Ильяс болып шықты. Бұл әрекеті үшін азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.

Құқық бұзушылықтың салдары жойылып, ластанған аумақ тазартылды.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделген. Сондықтан әрбір тұрғын қоғамдық орындарда тазалық сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауы тиіс.

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заң талаптарын орындауын қамтамасыз етудің маңызды негізі. Осы бағытта қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау талаптарының орындалуына полициямен тұрақты бақылау жүргізілуде.
24 қыркүйек 2026 ж. 61 0