Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнер мектебінің өрісі кеңейді

Өнер мектебінің өрісі кеңейді

Қазақ музыкасын зерттеуші атақты сазгер, дирижер Ахмет Жұбанов «Музыка адамның ішкі жан дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі» деген екен. Бұл пікірді «Ел іші – өнер кеніші» деп қуаттай түсуге болады. Осы ретте, Шаған ауылдық өнер мектебінің өрісі кеңейгенін, Ақжарма ауылында филиалының ашылғанын оқырман қауымға сүйіншілеп хабарламақпыз.

Бірден айта кетейік, Шаған ауы­лындағы өнер мектебінің Ақжар­мадағы филиалын ашуға ұлағатты ұстаз Қынаш Әуелбекова ұйытқы болған. Ардагер облыс әкімі Н.Нәлі­баев­тың қабылдауында болып, өз ұсынысын жеткізген. «Мақсатым – өнерге құштар ауыл балаларына қолдау көрсету еді» дейді білім сала­сының ардагері.

– Аймақ басшысы өңірдің өнер, мәдениет, білім саласына ерекше мән беруде. Биылғы жылдың «Руханият жылы» деп жарияланғаны да терең ізденістің, жанашыр көз­­қарас­тың жемісі. Осы ретте, Нұрлыбек Машбекұлының қабыл­дауында болып, ауылымыздан өнер мектебінің филиа­лы ашылса деп ұсынысымды айттым. Аймақ басшысы өз қажет­тілігім­ді емес, қоғам мүддесін көтер­геніме назар аударып, қолдау білді­ретінін, ұсыныс орындалатынын айтты. Бұл өнерге құштар, талапты, талантты ауыл балалары үшін ерекше сый болды, – дейді Қынаш Әуелбекова.

Өткен аптада өнер мектебінің Ақжарма ауылдық филиалының өнер­­паздары көрермен қауымға ар­найы концерттік бағдарламасын ұсынды. «Өнерге қанат қаққандар» атты іс-шараға аудандық білім бөлі­мінің әдіскері Ғ.Бақтиярова, Шаған өнер мектебінің директоры Д.Әлиев және ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шарада ауыл өнер­паздары әуе­лете ән шырқап, мың бұрала биледі. Өнерлі өрендер сондай-ақ түрлі аспаптарда ойнап, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концертте Өнер мектебінің Ақжарма ауылдық филиалының ашы­луына ұйытқы болған Қынаш Әуелбековаға аудандық білім бөлімі бас­шысының, кәсіподақ комитеті төрағасының Алғыс хаты беріліп, сый-құрмет көрсетілді. Сәні мен салтанаты жарасқан іс-шарада ардагерлер сөз сөйлеп, тілектестігін білдірді.

Айта кету керек, жаңадан ашыл­ған филиалда домбыра, би, баян үйірмелері жұмыс істеуде. Онда 50-ге жуық бала білікті ұстаздардан өнердің қыр-сырын меңгеруде.

«Тт» ақпарат
04 маусым 2024 ж. 206 0