Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Күй анасына құрмет

Күй анасына құрмет

Өнер атаулының ішінде күйдің орны бөлек. Адам қуанса да, қапаланса да қос ішекті домбырамен шертілетін күймен жұ­банған. Сондықтан «Нағыз қазақ ем­ес, нағыз қазақ – домбыра» дейтін қазақ халқы күй құдіретін жақсы біледі. Ал қазақ күйі­нің көшін тү­зегендердің алғышебінде Құр­манғазы, Тәт­тімбет, Қазанғап, Дина се­кілді дарынды күйшілерді бөліп-жа­рып айтамыз. Халыққа осы күй құді­рет­ін ұғындырғандардың ішін­де дәулескер күйші Дина Нұр­пей­­­іс­о­­­­­­­ваның туғанына биыл 160 жыл. айтулы мерейтойға орай Шаған елді мекенінде аудандық күйшілер байқауы өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ме­ре­­­ке­сіне орай күй анасы Дина Нұр­пейі­со­ваның 160 жылдығына байланыс­ты өт­кен байқауды Шаған ауылдық өнер мек­тебі ұйымдастырды. «Күй – құдірет, Динаға – құрмет» тақырыбындағы іс-шараға аудандағы өнер мектептерінің өнер­паз­дары қатысып, күмбірлетіп күй шертті. Байқау шарты бойынша 9-11 жас, 12-16 жас аралығындағы күйшілер екі күй орындады. Оның біріншісі – Д.Нұрпейісованың күйі, екіншісі – еркін тақырыпта.

Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, күй өнерін насихаттау мақсатындағы ау­дан­­­­­­дық байқауда жас күйшілер домбырамен күй төгілтті. Домбыраның «құлағында» ойна­­ған жас дарындар күй құдыретімен көңілдерді тебірентті. Оларға Шаған ауыл­дық өнер мектебінің директоры Ө.Сарыбаев, аудандық әуез мектебінің директоры М.Сәдуақасов, аудандық бі­лім бөлімінің әдіскері С.Төрәлиев, Шіркей­лі ауылдық әуез мектебінің директоры Т.Досжанов және Шаған ауылдық мә­дениет үйінің директоры Е.Медет әділ қа­зы­лық етті.

Ұлттық өнер ұлықталған аудандық бай­­қау нәтижесінде 12-16 жас бойынша қос бас жүлде иегері анықталды. Атап айтқанда, Шаған ауылдық өнер мектебінің оқушысы Мөлдір Маханова мен Амангелді ауылдық өнер мектебінің оқушысы Дулат Әбдікәрім бас жүлдені жеңіп алды. Ал аудандық өнер мектебінің оқушылары Бейбарыс Бакишев І орын, Ернар Дүйсенбай ІІ орын және Шаған ауылдық өнер мектебінің оқушысы Орынбасар Кәртай ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар, 9-11 бойынша аудандық өнер мектебінің өнерпазы Ақәділ Пернебаев І орын, Амангелді өнер мектебінің оқу­шылары Бибігүл Балабай ІІ орын мен Айару Иса ІІІ орын иегері атанды. Байқау жеңімпаздарына диплом мен «Шаған Жер» ЖШС-нің (директоры Жеңісбек Сыз­дықов) демеушілігімен қаржылай сый­ақы берілді. Өзге қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды. Сондай-ақ, бар­лық қатысушыға аудандық мәслихат депутаты, №37 мектеп-лицейінің директо­ры Ғалия Жаңабаева жаңа жылдық сый­лық­тар табыс етті.

Аудандық байқау қорытындысында ау­дандағы күй үйірмелерінде жас дарындарды тәрбиелеп жүрген ұстаздар аудандық білім бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды. Шаған ауылдық өнер мектебінің директоры Ө.Сарыбаев сөз алып, байқауды ұйымдастыруға атса­лысқан өнер ұжымдарына, демеу­шілерге зор ризашылығын білдірді.

Байқау барысында Шаған ауылдық өнер мектебі ұжымы концерттік бағдар­лама ұсынды.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ 

25 желтоқсан 2021 ж. 480 0