Шағандық өнерпаздар "Туған өлкен" байқауында топ жарды
Аудан орталығы Тереңөзек кентінен кейінгі ең үлкен елді мекен. Шаған ауылында үлкен өнер мектебі бар. Шаған өнер мектебінің іргесі өткен ғасырдың 60 жылдары қаланып, ұжымды музыка өнерінің хас ше¬бері Нағашыбай Жанәбілов басқарды.
Осы уақыт аралығында мектептен талай талант түлеп ұшты. Тіпті қайбір жылдары облыс көлемінде музыка мек¬тептері жабыла бастаған кезде өнер-ге жанашырлықпен қарайтын бірқа¬тар азаматтың ұйытқы болуымен білім ұясы жұмысын тоқтатпады. Қазір¬гі таңда ауылдағы өнер мектебінде білікті де тәжірибелі музыкалық білімі бар педагогтер қызмет атқарады.
Жақында Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен "Туған өлкем" облыстық домбырашылар мен термешілер байқауы өтіп, байқауда шағандық өнерпаздар бақ сынады. Жас өнерпаздардың арасынан "Аспапта орындау" номинациясы бойынша жоғары топтан Мөлдір Маханова, жетекшісі Нұргүл Жақсылық жүлделі екінші орын алды. Орта топта өнер көрсеткен Дінмұхаммед Әділбекұлы да жүлделі екінші орын және Айсұлтан Серік арнайы жүлде – сертификат иеленді. Қос өнерпаздың жетекшісі – Бибігүл Аймаханова.
– Шәкірт тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі ерекше. Жас өнерпаздардың білімі мен қабілетін шыңдаудағы еңбегіміз бағаланып, оқушыларымыз жетістікке жетіп келеді. Көптеген байқауларға қатыстық. Енді міне, бүгін облыста өткен байқауда өнерпаздарымыз дара шықты. Өнермен туған өлкені танытқан шәкірттеріміз біздің мақтанышымыз, – дейді Шаған өнер мектебінің оқытушысы Нұргүл Жақсылық.
Иә, жас таланттың бойындағы шығармашылық қабі¬летті дамыту – өнер мектебінің басты мақсаты. Үйірме жетекшілері әркез түлектерінің өнерге деген сүйіспеншілігін оята отырып, музыканың құдыретіне баулып келеді. Алдағы уақытта шағандық өнерпаздар әлі де толағай табысқа жете береді деген сенімдеміз.