Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәдени ұйымдастырушының биік белесі

Мәдени ұйымдастырушының биік белесі

Классик жазушы Ғабит Мүсірепов «Біреулерді қызмет көріктендірсе, енді біреулер қызметке көрік береді» демекші, Құндызай Бажиева – ауыл мәдениетінің дамуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген білікті маман. Жауапкершілігі мол саланың 10 жыл қазанында қайнаған қызметкер Жетікөл ауылдық клубында мәдени ұйымдастырушы қызметін атқарады.

Қызметте сан алуан бағытты үйлестіре білген Құндызай Мұқанбетқалиқызы Қызылорда қаласына қарасты Маханбет ауылының тумасы. Өз ауылындағы №143 қазақ орта мектебінде біліп алып, кішкентай кезінен өнерге әуес болған. Мектепті бітірген соң «Болашақ» колледжінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын игеріп шығады. Қазіргі таңда өнерге жаны жақын жан «Болашақ» университетінен «музыкалық білім» мамандығы бойынша білімін шыңдауда.

– 2014 жылы ауылдық клубқа мәдени ұйымдастырушы қызметіне орналастым. Әр мамандықтың өз қиыншылығы болады демекші, ұйымдастырушылық қызметтің жауапкершілігі басымырақ. Мәдени көпшілік іс-шараларды үйлестіру тың идеяларды, әсемдікті, жан-жақтылықты, ең бастысы жауапкершілікті талап етеді. Себебі өткізілетін әрбір іс-шараға қатысатын өнерпаздармен тығыз байланыста болу, олардың сахналық киімін әзірлеу, реттілігін қалыптастыру, сахнаның безендірілуін ұйымдастыру, көрермен көңілінен шыға білу өте маңызды. Әрине көрермен көңілінен шығу оңай емес. Осындай сәттерде үлкен буынның айтқан ақылына, тәжірибесіне сүйенеміз, Сахна өнерпаздарымен жұмыс жасағандықтан қызықты жағдайлар көп болады, – дейді білікті маман.

Қашан да үлкен мен кішінің көңілін таба алатын жан «Көркем сөз» үйірмесінің жетекшісі. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жоғары деңгейде шәкірт дайындап, жас дарындардың өнерін шыңдауда жеткен жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда, халықаралық «Ақ көгершін» конкурсының «Үздік ұстаз» дипломымен, облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауына көркем сөз жанры бойынша жоғары деңгейде шәкірт тәрбиелеу жолында қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.

– Алғаш жұмысқа орналасқан сәт­тен бастап «Көркемсөз» үйірмесін ашып оқушылармен жұмыс жасадым. Үйір­менің басты мақсаты – балаларды өлеңді мәнерлеп оқуға, көпшілік алдында ойын еркін жеткізуге, сахнамен жұмыс жасауға үйрету. Оқу­шылар аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қаты­сып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Баланың көңілі өте нәзік. Сондықтан баламен бала болып, олардың көңілін табуға тырысамыз, – дейді Құндызай Бажиева.

Мәдениет саласында қа­жырлы еңбек етіп келе жатқан маман бүгінде қызметімен қатар отбасын алып жүрген сүйікті жар, аяулы ана. Өсіп- өнген әулетке келін болған Құндызай жұбайы Шаттық Камаловпен 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

«Қай елдің мәдениеті дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» демекші, осындай білік­ті мамандардың арқасында ауыл мәдениеті өркендей бермек.

Таңшолпан ШАНЖАРХАНОВА
04 маусым 2024 ж. 137 0